Page 16 - Естествознаниe
P. 16

Өсімдікке гүл не үшін қажет?



            Сен                                                                        Тірек сөздер:
                  store nis edu kz

              •  гүлдің құрылысымен танысасың;
              •  гүлдің өсімдік үшін маңызын білесің.                                күлте жапырақша

                                                                                     тостағанша жапырақша
               Жедел жауап                                                           жатын
               •  Өсімдіктің қай мүшесінде жеміс пайда болады?                       тозаңқап

               •  Жеміс қай кезде жетіледі?

               •  Гүлдейтін өсімдіктерді ата.


                 Гүлдің құрылысы


                Негеш пен Эврика гүлдің суретін салды. Олардың жұмысын тексер, сызбамен
             салыстыр. Балалар салған суретте гүлдің бөліктері толық көрсетілген бе?



                                                            күлте жапырақша          тозаңқап











                                                                                                    жатын

                                                                                              тостағанша
                                                                                              жапырақша





               Негеш пен Эвриканың суреті                  Гүлдің құрылысы


                Өсімдіктердің кейбірі белгілі бір тіршілік кезеңінде гүл түзеді. Гүл бірнеше

             бөліктен тұрады. Гүлді сыртынан жасыл түсті тостағанша жапырақшалар
             қоршайды. Олар гүлдің ішкі бөліктерін қорғайды. Тостағанша жапырақшаның ішкі
             жағында түрлі түсті күлте жапырақшалар орналасады. Күлте жапырақшалардың
             ортасында тозаңқаптар мен жатын болады. Жатында жеміс пайда болады.

             Жемістің ішінде тұқым дамиды.


        16        1-бөлім. 1-тарау. Өсімдіктер
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21