Page 23 - Естествознаниe
P. 23

Тұқымның таралуы

             Тұқымдар пішіні, массасы мен мөлшері жағынан
          неліктен әртүрлі болады? Бақбақтың тұқымы қандай?
                  store nis edu kz
          Оның таралуына не көмектеседі? Тағы қандай тұқымдар
          жел арқылы таралады? Су арқылы таралу үшін тұқым

          қандай болуы керек деп ойлайсың? Тікенекті немесе
          жабысқақ тұқымдар қалай таралуы мүмкін?


              Ойлан

               Бағбан тұқымның таралу жолдары туралы білімін
           өз жұмысында қалай қолдана алады?


             Тұқымдардың пішіні мен массасының алуан түрлі
          болуына қарай олардың таралу жолдары да әртүрлі.
          Қанатшасы, жеңіл өсінділері бар ұсақ, құрғақ тұқымдар

          жел арқылы таралады. Мысалы, бақбақ, тал, үйеңкі
          тұқымдары жүздеген шақырымға желмен ұшып бара
          алады. Кейбір дала өсімдіктері жемісі пісіп жетілгенше
          қурап қалады. Жел оларды түбірімен жұлып алып, бір

          жерден екінші жерге домалатады. Мысалы, қаңбақ
          желмен ұшып жүріп, тұқымын осылай шашады.
             Көптеген өсімдік тұқымдары су арқылы таралады.
          Олардың сырты су сіңірмейтін түктермен, қатты

          қабықпен қапталады, іші ауаға толы қуыс болады.
          Сондықтан олар суға батпайды әрі шірімейді, өзі өскен
          ортадан алысқа ағып кетеді. Оларға кокос пальмасы
          мен қандыағаш тұқымдары мысал бола алады.                           ?

             Ошаған,  түйежапырақ, бетеге сияқты  өсімдік                          Сен білесің бе?
          тұқымдарының ілмегі, жабысқақ түгі немесе тікені                        Зерттеу нәтижесінде
          болады. Олар жануардың терісіне, жүніне, тіпті                       ғалымдар алып энтада
          адамның киіміне жабысып таралады. Кейбір тұқымдар                    тұқымы Оңтүстік Аме-

          өздігінен тарала алуымен ерекшеленеді. Мысалы,                       рикадан  Еуропаның
          атпақияр, асбұршақ, үрмебұршақ әбден жетілгенде                      солтүстігіне дейін мұхит
          қапшығы қақырап, тұқымы жерге шашылады.                              арқылы 12 000 км жүзіп
             Тұқымның таралуы арқылы өсімдіктер әртүрлі                        барып, өсіп-өнгенін
                                                                               дәлелдеді.
          ортада өсіп, тіршілігін жалғастырады.



                                                                                                 7-сабақ      23
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28