Page 32 - Естествознаниe
P. 32
Неліктен әр жануардың қорегі
әртүрлі болады?
store nis edu kz
Сен Тірек сөздер:
• қоректенуіне қарай жануарлар қандай өсімдікқоректілер
топтарға бөлінетінін білесің. жыртқыштар
Теректің «тұрғындары»
Суретке қара. Теректің
«тұрғындарын» атап шық.
Бұл жануарлардың
әрқайсысы немен қорек-
тенеді? Әр жануардың
қорегінің әртүрлі болуының
себебі неде деп ойлайсың?
Жануарлардың қорегі
Суреттегі жануарларды қоректенуіне қарай
қандай топтарға бөлуге болады? Неліктен?
Бұл топтарды қалай атар едің? Бұл топтардың
әрқайсысына тағы қандай жануарларды қосуға
болады?
Жер бетіндегі жануарлардың бәрі бірдей
қорекпен қоректенсе, не болатынын елесте-
те аласың ба? Онда барлық жануарға қорек
жетер ме еді? Бұл жағдайда тірі ағзалар қорек
тапшылығынан жойылып кетер еді.
Табиғатта әрқашан белгілі бір тепе-теңдік
сақталады. Жануарлардың әрқайсысы әртүр-
лі қоректенеді. Мысалы, даланы мекендейтін
тышқан өсімдік дәнін, ал суыр шөпті қорек етеді.
Өз кезегінде жылан тышқанды, ал сұңқар суыр-
ды жейді. Яғни жануарлар белгілі бір қорек
түріне бейімделеді. Қоректену арқылы олар
өз тіршілігін сақтап қалады.
32 1-бөлім. 2-тарау. Жануарлар

