Page 18 - Естествознаниe
P. 18
Жылуөткізгіштікті қалай қолданады?
Сен
store nis edu kz
• жылуөткізгіштік қасиеті туралы білесің;
• жылуөткізгіштік қасиетіне қарай денелерді қалай қолданатынын түсінесің.
Жылуөткізгіштігін анықта
Фотосуреттерді мұқият қара. Оларға не ортақ деп ойлайсың? Неліктен?
1 2 3 4
Асүйде
Ас пісіретін ыдыстарды қандай заттардан жасайды?
Фотосуреттегі ыдыстар туралы не айтасың?
Ыдыстардың негізгі бөлігі қандай материалдан жасалған?
Тұтқасын жасау үшін қандай материал қолданған?
Неліктен? Ал қол күйіп қалмау үшін ыстық қазанды қалай
ұстайды?
Зертте
Қандай материалдар мен заттар жылуды жақсы сақтайды?
Қажет заттар:
• пластик стақандар (3 кіші және 3 үлкен);
• газет;
• жұқалтыр қағаз (фольга);
• мақта;
• 3 целлофан қалта;
• 3 резеңке;
• 3 термометр.
18 2-бөлім. 1-тарау. Табиғат физикасы

