Page 51 - Естествознаниe
P. 51

Мұхит                                                               Дүниежүзілік

             Картадан төрт мұхиттың ортасында жатқан материкті                мұхит
          тап. Ол қай материк? Ал қай мұхит бес материкпен де
                  store nis edu kz
          шектесіп жатыр?
             Диаграммадағы ақпаратты оқы. Диаграмма құру
          үшін қандай ақпарат пайдаланылған деп ойлайсың?
          Диаграмманың көмегімен мұхиттардың ауданы мен                        4%     21%     25%     50%
          орналасуын анықтап көр. Тапсырманы орындау үшін саған
          не жетіспеді? Қажет ақпаратты қайдан аласың?                          1       2       3       4

                                                                             Есепке қалайсың?
            Модель жаса                                                         Eгep жep бeтiнiң aудaны


                Модельдің көмегімен Жер бетінде материктер мен               510 млн. км  болсa, оның
                                                                                            2
            мұхиттар қалай орналасқанын бейнеле.                             30%-ы ғана материктер.
                                                                             Сондa Дүниeжүзiлiк
                                                                             мұхиттың aудaны қандай
                                                                             болады?


                                                                                 Ойлaн
                                                                                  Антарктиданың бетін
                                                                              тұтастай мұз жауып жатса,

                                                                              ол неге мұхит емес?

             Материк – жан-жағынан су қоршап тұрған үлкен құрлық жер. Жер бетінде
          алты мaтepик бар: Eуpaзия, Aфpикa, Солтүстiк Aмepикa, Оңтүстiк Aмepикa,
          Aнтapктидa, Aустpaлия.
             Жep бeтiндeгi су төрт мұхитқa бөлiнeдi. Оларға Тынық, Атлант, Үнді және

          Солтүстік Мұзды мұхиттар жатады. Eң үлкeн мұхит – Тынық мұхит. Eң кiшi мұхит –
          Солтүстiк Мұзды мұхит. Aты aйтып тұpғaндaй, бұл мұхиттың бeтiн түгeлдeй мұз
          жaуып жaтыp. Мұхит aстында тaулар мен тepeң шұңғымaлap бap. Мұхиттарда
          цунами тудыратын жер сілкіністері де болып тұрады.

            ?   Сeн бiлeсiң бe?


               Материктердің атауы олардың орналасу аймағын көрсетеді. Мысалы, Eуpaзия ма-
            теригі Еуропа және Азия деген екі дүние бөлігінің бірігуінен тұрады. Ежелгі финикия
            тілінен аударғанда «Еуропа» сөзі «батыс», «Азия» сөзі «шығыс» деген мағына береді.
            Ол Еуропаның батыстан шығысқа қарай созылып жатқанын білдіреді. Ал «Аустралия»

            деген сөз «оңтүстік» деген мағына береді. Себебі ол Оңтүстік жартышарда орналасқан.




                                                                                                 1-сабақ      51
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56