Page 49 - Естествознаниe
P. 49

Жүйке жүйесі
             Жүйке жүйесінің құрылысымен таныс. Жүйке жүйесіне
          нелер жатады? Ақпарат дененің кез келген бөлігінен миға
            да мықты.  store nis edu kz
          қалай беріледі? Ал керісінше ше? Бұл байланыс не  үшін

          қажет?                                                                 жүйкелер               ми

             Жүйке жүйесін ми, жұлын және жүйкелер құрайды.
          Ми бас сүйегінде, жұлын омыртқаның өзегінде
          орналасады. Ал жүйкелер бүкіл денені торлап жатады.                 жұлын
          Олар барлық дене мүшелерін жұлынмен және мимен

          байланыстырады.
             Адамның жүйке жүйесі ағзаның барлық мүшелерінің
          қызметін реттейді және олардың бір-бірімен үйлесімді
          жұмыс істеуін басқарады. Жүректің соғуы, аяқ-қол

          сүйектерінің қозғалысқа келуі, астың қорытылуы, тыныс
          алу сияқты әрекеттердің барлығы жүйке жүйесінің
          қатысуымен жүреді.
             Адамның сыртқы орта әсерлеріне жауап қайтаруын

          да жүйке жүйесі қамтамасыз етеді. Мысалы, ыстық
          заттан қолды тартып алу, қауіпті сезіп, қорғану
          әрекеттерін жүйке жүйесі орындайды. Бұл қалай
          жүреді? Айталық, ыстық затқа қол тигізгенде, саусақ

          ұшындағы жүйкелер жұлынға, жұлын миға хабар
          береді. Ми келген ақпаратты өңдеп, қайта дан жұлынға,
          жұлын жүйкелерге жауап береді. Жүйкелер ақпаратты
          мүшелерге таратып, соған сәйкес әрекет жасалады.
                                                                                Ойлан
           ?    Сен білесің бе?                                               жүйесі бола ма?
                                                                                  Жануарларда жүйке


               Адам миының есте
            сақтау қабілеті әлемдегі                                          Есте сақта!
            ең қуатты компьютер мен
            процессордың жадысынан                                                Жүйке жүйесінің қыз-
                                                                               меті – адамның барлық
               2015 жылғы зерттеуге сүйенсек, адам миының                      дене мүшелерінің үй-
            1 секундтағы белсенділігін қайталау үшін ең қуатты                 лесімді жұмыс істеуін
            компьютерге 40 минут қажет болған.                                 реттеу, басқару.





                                                                                                 2-сабақ      49
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54