Page 47 - Естествознаниe
P. 47

Зертте                                                               Ойлан

               Зәр шығару жүйесі қалай жұмыс істейді?                             Ағзадағы керексіз зат-
                  store nis edu kz
                                                                              тарды шығаруға тағы қан-
                                                                              дай мүшелер қатысады?


























             Адам ағзасында тамақ қорытылып, артық су, зиянды
          заттар үнемі сыртқа шығарылып отырады. Бұл жұмысты
          зәр шығару жүйесі реттейді. Зәр шығару мүшелеріне                   ?

          бүйрек, несепағар, қуық жатады.                                          Сен білесің бе?
             Бүйрек – үрмебұршаққа ұқсас жұп мүше. Оның                           Бүйрек арқылы тәулі-
          негізгі қызметі – қанды зиянды заттардан тазартып,                   гіне шамамен 1500 л қан
          зәр түзу. Бүйректің сыртқы жағы дөңес, ішкі жағы ойыс                сүзіліп, тазарады.

          болып келеді. Ойыс жағында несепағар орналасады.
             Несепағар – түтікше тәрізді мүше. Бүйректе                       Есте сақта!
          түзілген зәр осы несепағар арқылы қуыққа өтеді.
             Қуық – іші қуыс, бұлшықетті мүше. Қуықта зәр                         Зәр шығару жүйесінің

          уақытша жиналады, кейін несеп өзегі арқылы сыртқа                   негізгі қызметі – қанды
          шығады.                                                             тазартып, оның құрамын-
             Зәрдің ағзадан дер кезінде шығарылмауы адам                      дағы зиянды заттарды
          денсаулығына зиян келтіреді.                                        сыртқа шығару.

             Ағзаны керексіз заттардан, артық су мен тұздардан
          тазартуға өкпе, тері және асқорыту жүйесі де қатысады. Өкпе арқылы көмірқышқыл
          газ бен бу түріндегі су бөлінеді. Тері арқылы су мен тұздар термен бірге шығады.
          Ал тамақтың қалдығы тікішек арқылы шығарылады.






                                                                                                 1-сабақ      47
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52