Page 70 - Естествознаниe
P. 70
Архимед заңы қалай ашылды?
Сен Тірек сөздер:
store nis edu kz
• Архимед туралы аңызбен танысасың;
• судағы дененің суды ығыстыратынын білесің. Архимед
ығысу
Менің атым – Эврика. Эврика!
«Эврика» қандай мағына (Атақты грек математигі, физигі әрі астрономы
беретінін білесің бе?
Архимед туралы аңыз)
Сиракуз деген ежелгі қалада Гиерон есімді патша
тұрыпты. Ол әлемдегі ең керемет алтын тәж киюді
армандапты. Бірде ол зергерді шақыртып алып,
10 фунт алтыннан тәж жасауды тапсырыпты. Зергер
оның айтқанын орындайды. Алайда патша тәждің
таза алтыннан жасалғанына күмәнданады. Ол дереу
Архимедке тәждің құрамында күміс қоспасы бар-
жоқтығын тексеруді тапсырады. Архимед қанша
ойланса да, мұның шешімін таппайды. Бір күні
Архимед ваннаға түспек болып, оны ернеуіне дейін
толтырады. Ол суға отырған кезде судың біразы
сыртқа асып төгіледі. Бұл жағдай оны мазалап жүрген
сұрақтың шешімін тауып береді. Архимед қуанғаннан
«Эврика!», «Эврика!» («Таптым!») деп айғай салыпты.
Архимед ашқан жаңалық
Ваннадағы су неліктен ернеуінен асып төгілді? Ойыңды
айт. Өзіңде мұндай жағдай болды ма?
Стақандағы суға көлемі бірдей металл шар мен пластик
шарды түсірсең не болады? Архимедтің ашқан жаңалығын
өзіңше жасап көр. Қорытынды жаз.
70 2-бөлім. 4-тарау. Күш және қозғалыс

