Page 72 - Естествознаниe
P. 72
Кері итеруші күш деген не?
Сен Тірек сөздер:
store nis edu kz
• кері итеруші күштің не екенін және оның
қалай әсер ететінін білесің. кері итеруші күш
Архимед күші
Анықта
Су ішіндегі денелерге ауырлық күші әсер ете ме?
Қандай денелер суға батады?
Неліктен кейбір денелер суға батпайды?
Барлық дене ауырлық күшінің әсерінен Жерге тартылатынын білеміз. Ауырлық
күші су ішіндегі денеге де әсер етеді. Бірақ кейбір дене су бетінде қалқып жүрсе,
екіншісі батып кетеді, ал үшінші біреуі сүңгуір қайық тәрізді терең су қабатында
жүзіп жүре алады. Бұл неліктен екен?
Кім күшті?
Суретті сипатта. Қалай ойлайсың, үлкен тасты кім оңай көтере алады?
Неліктен ауыр дене-
лерді су ішінде көтерген
жеңіл? Ал адам су бетін-
де неліктен қалқып жүзе
алады? Оған не көмекте-
седі? Осындай сұрақтар
сені ойландырған болар.
Кез келген суға түскен
денеге судың тарапынан
кері итеруші күш әсер
етеді. Ол күшті Архимед
күші деп атайды.
72 2-бөлім. 4-тарау. Күш және қозғалыс

