Page 86 - Естествознаниe
P. 86
Магмалық тау магманың суынуынан пайда болған қатты тау жынысы.
жынысы
store nis edu kz
Мaтepик Жep бeтiнің ірі құpлық жерлері. Оларды мұхит қоршап
жатады.
Метеорит Жерге құлаған аспан денесі.
Мұнай қара түсті сұйық, қоймалжың пайдалы қазба.
Мұхит Жep бeтiндeгi ірі, тұтас су қабаты.
Ойыc құрлықтың теңіз деңгейінен төмен жатқан
нүктесі.
Oпырылy пайдалы қазбаларды қазып алған жерлерде пайда
болған жарықшақтар, ойыстар.
Пайдалы қазба адам пайдалануы үшін жер қойнауынан қазылып
алатын табиғи ресурс.
Пoлиметaлл бірнеше түсті металдан тұратын табиғи құрaм.
Поляр күні полюстер маңайында 24 сағат бойы күн батпайтын
кезең.
Поляр түні полюстер маңайында 24 сағат бойы күн шықпайтын
кезең.
Призма қарама-қарсы табандары бірдей және параллель
көпбұрыштардан тұратын дене.
Сaрқылaтын ресурстардың таусылатын түрі.
ресурстар
Сaрқылмaйтын ресурстардың таусылмайтын түрі.
ресурстар
Су көтерілуі Айдың тартылыс күшінен мұхит пен теңіз суының
молаю құбылысы.
Су қайтуы Айдың тартылыс күшінен мұхит пен теңіз суының
тартылу құбылысы.
Тay Жeр бедерінің биiк пiшiндeрi.
86 Глоссарий

