Page 81 - Естествознаниe
P. 81

Қайталау. Біз не оқып үйрендік?




          Сен
                  store nis edu kz

           •  жаратылыстану пәні бойынша алған біліміңді                                 СӨРЕ

               бекітесің;
           •  терминдер мен ұғымдарды қайталайсың.




             Негеш  пен  Эврика  саған  соңғы  тапсырмаларын
          ұсынады. Көрсетілген бағыт бойынша саяхатқа шығып,
          әр аялдама тапсырмасынан сүрінбей өт. Саған жыл бойғы
          алған білімің көмектеседі.

           Жедел жауап
           • Адам қоршаған ортадан ақпаратты қалай алады?

           •  Литосфераның беткі қабаты қалай аталады және ол неден тұрады?

           •  Жер шарының қандай ерекшелігі жыл мезгілдерінің ауысуына әсер етеді?
           •  Мұхит бетінде қалқып жүрген мұзтауға қандай күштер әсер етеді?




                                                                             Еске түсір


                                                                                 Табиғат құбылыстары
                                                                             өсімдіктің тұқымын таратуға
                                                                             қалай қатысады?






          Түсіндір

             Біздің Галактикамызда шамамен
          100 миллиард жұлдыз бар. Ғалымдар
          олардың әрқайсысын тым болмағанда
          бір  ғаламшар айналып жүр  деп
          есептейді.  Оны  ғалымдар қалай

          анықтады деп ойлайсың? Жарықтың
          таралуы туралы біліміңді осы мәселеде
          қалай пайдалануға болады?



                                                                                       Біз не оқып үйрендік?  81
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86