Page 113 -
P. 113

textbooks nis edu kz






                    1  2  3  4  5  6  7  8  9  10 11 12  13 14 15  16 17 18  19 20 21
                                                  медиана
                      ең кіші мән      төменгі         жоғарғы     ең үлкен мән
                                      квартиль         квартиль
            Бұл сандық сипаттамаларды "мұртты жәшік"диаграммасы түрінде көрсе-
         туге болады. Берілген деректер үшін мұндай диаграмма оң жақта көрсетілген.


             Квартильаралық ауқым (интервал) жоғарғы және төменгі квартильдердің айырмасына тең.


         7.18   Төмендегі суретте қандай да бір деректер үшін «мұртты
               жәшік» диаграммасы көрсетілген.

             1.  Анықта:
             а) медиананы;                   в) квартильаралық құлашты         0     10     20    30    40
             ә) жоғарғы квартильді;             (интервалды);
             б) төменгі квартильді;         г) ауқымды (интервалды).
             2.   «Мұртты жәшік» диаграммасынан арифметикалық орта мәнді не-
                месе моданы табуға бола ма?

         7.19  Келесі деректер үшін «мұртты жәшік» диаграммасын сыз:
             а  )                                          ә  )

             Мәні       4    5   6    7   8   9       Мәні     150    155   160     165   170    175    180
             Жиілік     2    3   3    1   2   1       Жиілік   3      5     10      21    14     13     6

             б)  4, 9, 12, 12, 15, 16, 16, 17, 18, 18, 20, 21

         7.20   Нан бөлкесінің салмағы стандарт бойынша 900 грамм           Бұтақ      Жапырақтар
               болуы керек; бірақ кейбір бөлкелердің салмағы артық, ал         88      3 5 9
               кейбіреулерінікі кем болады. Бөлке үлгілері дәл өлшенген        89      2 2 5 7 8 8 9 9 9
               және олардың салмақтары келесі кестеде берілген.                90      0 0 1 1 2 3 3 3 5 5 6 6 6

            а)   Медиананы, төменгі және жоғарғы квартильді, сондай‑ақ үл-     91      0 1 1 1 2 3 3 4 6 7 7 8 9
               гілер арасындағы максималды және минималды салмақты             92      0 1 4 7

               анықта.                                                                 кілт: 88  |  3 = 883
            ә)   Осы деректер үшін "мұртты жәшік" диаграммасын сыз.
            б)   квартильаралық ауқымды (интервалды) және ауқымды (диа‑
               пазонды) тап.
            в)   Осы үлгі үшін нан бөлкесі салмағының үлестірімі туралы
               келесі тұжырымдарды толтыр.
            1.   Нан бөлкелерінің жартысының салмағы кем дегенде … грамм
            2.   Бөлкелердің …%‑ның салмағы 900 грамнан аз.
            г)    Осы деректер бойынша интервалдық кестені құр.
                                                                                                          113
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118