Page 112 -
P. 112
textbooks nis edu kz
7.16 Төменде химиялық реакциялардың әртүрлі сынақтардағы уақыты
(секундпен) келтірілген:
8,5 7,1 6,7 6,2 2,9 4,4 6,0 5,8 5,4 8,2 6,9 6,5 6,1 3,8 6,0 6,0 5,6 5,3
7,7 6,8 6,5 6,1 4,2 4,7 5,6 5,4 5,3 7,4 6,7 6,4 6,1 4,5 6,0 5,8 5,6 5,1
а) Дискретті вариациялық қатар құр.
ә) Интервалды вариациялық қатар құр.
б) Интервалды вариациялық қатар үшін абсолютті және салыстыр-
малы жиіліктерді есепте.
7.17 Кестеде N қаласындағы температура бойынша 2010 және 2019 жыл-
дар маусымындағы деректер келтірілген (өлшеу — түс кезі). Мұнда
күнделікті бақылау бойынша ақпарат көрсетілген.
Температуралық интервалдар, С 2010 ж., маусым 2019 ж., маусым
o
14 – 18 2 1
18 – 22 9 6
22 – 26 12 15
26 – 30 6 3
30 – 34 1 5
а) Қай жылы температура 22 ‑тан жоғары болған күндер көбірек болды?
o
ә) 2010 және 2019 жылдар маусымындағы температураның орта мәнін
есепте. Қай жылы ол жоғары болды?
Зерттеуге жататын құбылыстардың немесе нысандардың толық жиын-
тығы бас жиын деп, ал одан таңдап алынған кез келген бөлігі — таңдама
деп аталатынын сен білесің. Деректер жиынтығын кейде бір санмен си-
паттау (бағалау) пайдалы болады — оның элементтерінің сандық мән-
дерінің орталық үрдісінің өлшемімен.
Өсу ретімен орналасқан 16 мәннен тұратын келесі қатарды қарастырайық:
3 7 8 8 10 11 12 12 14 15 15 15 15 16 16 18
мән квартиль квартиль мән
минималды төменгі медиана жоғарғы максималды
Q == 810 =9 M == 12 14 =13 Q == 15 15 =15
3
e
1
2 2 2
112

