Page 39 - Естествознаниe
P. 39
Жануардың тіршілік ортасына бейімделуін сырт Зертте
белгісінен байқауға болады. Құр лықты мекен ететін
жануарлардың денесі жүнмен қапталады. Мұндай Сен тұратын өлке-
store nis edu kz
жамылғы оларды ыстықтан немесе суықтан қорғайды. дегі жануарлар қандай
топтарға жатады? Олар
Құрлықты мекендейтіндердің көбі жылдам жүгіре өздерінің тіршілік орта-
алады, кейбірі денесімен жорғалап қозғалады. сына қалай бейімделген?
Құстардың қаңқа сүйегі жеңіл және қанаты болған-
дықтан олар биікте қалықтап ұша алады. Денесін қап-
таған қауырсыны биіктегі суық ауадан қорғайды. Сулы
ортадағы құстардың саусақтарының арасында жүзу
жарғақтары болады. Ұшпайтын құстар да кездеседі.
Мысалы, құрлықта мекендейтін түйеқұстар ұша алмаса
да, жылдам жүгіруге бейімделген.
Кейбір жануарлар, мысалы, шұбалшын топырақта
тіршілік етеді. Олардың көбінің көзі болмайды. Шұ-
балшын шіріген қалдықтармен қоректеніп, ирелеңдеп
қозғалуға бейімделген. Жауын жауғанда топырақта
ауа жетіспегеннен жер бетіне шығады.
Су жануарларының көбінде суықта тоңдырмайтын
қалың май қабаты болады.
Есте сақта!
Таныстырылым дайында
Еліміздің аумағын ме-
Өз өлкеңді мекендейтін бір жануар туралы кендейтін жануарлар өз
таныстырылым жаса. Ол үшін қандай ақпарат тіршілік ортасына бейім-
пайдаланасың? Сурет, сызба немесе сипаттама қолдан. делген.
? Сен білесің бе?
Ергежейлі боз қосаяқ Қазақстанда ғана тіршілік етеді.
Негізінен, Арал өңірінде және Балқаш құмында кезде-
седі. Ол – түн жануары. Дене тұрқы шамамен 50-60 мм,
салмағы 10 грамға жуық болады. Ол өсімдіктің жемісімен,
дәнімен, шегірткемен, қоңызбен қоректенеді. Ал қыста
ұйқыға кетеді. Бұл жануар сирек кездесетін болғандықтан
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
6-сабақ 39

