Page 43 - Естествознаниe
P. 43

Жоба жаса

             Жануарларды қорғау туралы өз жобаңды дайында.
                  store nis edu kz

















              Ойлан                                                           ?    Сен білесің бе?

               Жер бетіндегі тірі ағзалар жойылып кетсе, не болады?              Бір кездері елімізде
                                                                               құландар үйір-үйірімен
             Сирек кездесетін және жойылу шегінде тұрған жа-                   жүретін. Бірақ адамдар

          нуарлар еліміздің Қызыл кітабына тіркеліп, қорғау ға                 көп аулағаннан олар
          алынғаны белгілі. Сонымен қатар азайып бара жатқан                   жойылып кетті. Құлан-
          жануарлардың санын көбейту үшін табиғи ортасын                       дар  Түркіменстаннан
          сақтап, арнайы өсіреді. Осындай ерекше қорғауға                      қайта  әкелініп,  Арал

          алынған аумақты қорық деп атайды. Елімізде 10 мем-                   теңізіндегі Барсакелмес
          лекеттік қорық құрылған. Олар: Ақсу-Жабағылы,                        қорығында өсірілді. Ке-
                                                                               йін олар  «Алтынемел»
          Алакөл, Алматы, Қаратау, Үстірт, Марқакөл, Науры-                    саябағына ауыстырылды.
          зым, Қорғалжын, Батыс Алтай және Барсакелмес. Қо-                    Қазір елімізде 2000-ға

          рықтың мақсаты – саны азайып, жойылу қаупі төніп                     жуық құлан бар.
          тұрған жануарлар мен өсімдіктерді қорғау. Мысалы,
          Қорғалжын қорығында әлемде сирек кездесетін қыз-
          ғылт қоқиқаздар қорғауға алынса, Ақсу-Жабағылы

          қорығында Грейг қызғалдағы өсіріледі. Қорықтар
          мемлекеттің қарамағында және қорғауында болады.
             Елімізде қорықтармен қоса ұлттық саябақтар
          ашылған. Ұлттық саябақтарды құрудың мақсаты – та-

          биғаты көркем аумақтарды сақтап қалу, ондағы жану-
          арларды қорғау, санын арттыру. Олардың қорықтан
          айырмашылығы – саяхатшылар мен тынығушылардың
          тамашалауына рұқсат етіледі. Елімізде Бурабай, Баянауыл,

          Іле Алатауы, Алтынемел сияқты ұлттық саябақтар бар.



                                                                                                 8-сабақ      43
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48