Page 84 - Естествознаниe
P. 84

Глоссарий







              Ауаның ластануы                зиянды және улы газ, шаң-тозаң, түтін сияқты заттардың
                                             атмосферамен араласуы.

              Балдыр                         мүшелері болмайтын төменгі сатыдағы өсімдік.
              Балқу                          жоғары температурада қыздыру нәтижесінде заттың

                                             қатты күйден сұйық күйге айналуы.

              Бұршақ                         атмосфералық құбылыс.edu kz
                                             жерге түйіршік мұз түрінде жауатын жауын-шашын.
              Бүйрек                         зәр шығару жүйесіндегі зәр түзетін мүше.

              Дернәсіл                       тірі ағзалардың жұмыртқадан дамитын ұрпағы.

              Жану                           жарық пен жылу шығара жүретін үдеріс.
                  store nis
              Жаңбыр                         су тамшысы түрінде жауатын жауын-шашын.

              Жатын                          гүлдің дәл ортасында орналасқан бөлігі.

              Жауын-шашын

              Жел                            ауаның Жер бетіндегі қозғалысы.

              Желдің бағыты                  ауа қозғалысын білдіретін көрсеткіш.

              Желдің жылдамдығы              ауаның қозғалу жылдамдығы, ол м/с, км/сағ деген
                                             бірліктермен беріледі.

              Жоғарғы сатыдағы               барлық мүшелері (тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі)
              өсімдіктер                     жетілген өсімдіктер.

              Жойылу қаупі                   жануарлар санының азаюы.
              Жұлдызқұрт                     бунақденелінің дернәсілі.

              Жұлын                          жүйке жүйесінің омыртқа өзегінде орналасқан мүшесі.

              Жұмыртқа                       бунақденелінің даму кезеңінің алғашқы сатысы.

              Жүйке жүйесі                   ағзаның қызметін басқаратын, ми, жұлын және
                                             жүйкелерден тұратын жүйе.

              Жүйкелер                       жүйке жүйесінің құрамдас бөлігі.


              Жыртқыш                        басқа жануармен (етпен) қоректенетін жануар.




        84        Глоссарий
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89