Page 85 - Естествознаниe
P. 85
Заттың қасиеті заттың басқа заттардан ерекшеленетін белгілері.
Зәр шығару мүшелері ағзадан су мен керексіз заттарды сыртқа шығаруға
Оттек жастықшасы store nis edu kz
қатысатын мүшелер.
Еріткіш басқа заттарды ерітетін қасиеті бар түрлі сұйық күйдегі
заттар.
Ерітінді біртектес қоспа.
Қайнау жоғары температурада қыздыру нәтижесінде сұйық
заттың булану үдерісі.
Қар мұз қиыршықтары түріндегі жауын-шашын.
Қатпаршақ балдырдың денесі.
Қоректік тізбек қорек пен оны пайдаланатын ағзалар арасындағы
байланыс.
Қорық сирек кездесетін немесе жойылу шегінде тұрған
жануарлар мен өсімдіктерді арнайы өсіріп, санын
көбейтетін, мемлекет тарапынан қорғалатын аумақ.
Қоспа екі және одан да көп заттан құралатын заттар.
Қуық зәр шығару жүйесіндегі зәр жиналатын бұлшықетті қуыс
мүше.
Қуыршақ бунақденелінің даму кезеңінің бір сатысы.
Күлте жапырақша гүлдің түрлі түсті жапырақшалары.
Қырау жер бетіне, шөпке, заттарға мұз қабыршақтары түрінде
жанасатын жауын-шашын.
Ми жүйке жүйесінің орталық мүшесі.
Минералды су құрамында еріген тұздар болатын табиғи су.
Несепағар зәр шығару жүйесіндегі зәрді қуыққа өткізетін мүше.
Оттек баллоны оттек сақталатын баллон.
оттек толтырылған арнайы жастықша.
Өскін тұқымнан өнетін өсімдік бастамасы.
Өсімдікқоректі өсімдік бөліктерімен қоректенетін ағзалар.
Глоссарий 85

