Page 82 - Естествознаниe
P. 82

Зерттеу нәтижесінің нақтылығын қалай
                тексеру керек?
                  store nis edu kz


                Негеш пен Эврика қанттың қай түрі тез еритінін білу
             үшін эксперимент жасады. Олар бірдей екі шақпақ қантты
             алды да, оның біреуін ұсақтап, құмшекерге айналдырды.
             Содан кейін оларды бір мезгілде бірдей ыдыстағы әрі
             бірдей мөлшердегі жылы суға салды. Қанттың еру уақытын

             білу үшін секундомер пайдаланды.                                            Қанттың
                                                                                       толықтай еру
                                                                                  уақытын дәл анықтау

                    Эксперимент                                                          өте қиын.
                    нәтижесінің
                нақтылығына және
              дұрыстығына қалай көз
                 жеткізуге болады?




















                Негеш пен Эврика                                                                   Шақпақ
             алынған нәтиженің дұрыс-          Қанттың түрі                       Құмшекер           қант
             тығына көз жеткізу үшін           Қанттың еру уақыты, мин                 2               5
             оларды қайта тексеруді жөн        (1-ші эксперимент)

             көрді. Сондықтан олар экс-        Қанттың еру уақыты, мин                 3               8
             периментті екінші рет қай-        (2-ші эксперимент)
             талады.

                Негеш пен Эврика екі эксперименттің де нәтижесін кестеге тіркеді. Эврика алған нәти-
             желердің мәні бір-біріне жақын болып шықты. Ал Негештің нәтижелерінің арасындағы
             айырмашылық өте үлкен.
                Неғұрлым нақты, дәл нәтиже алу үшін экспериментті қайта жасау өте маңызды.


        82        Жас зерттеуші анықтамалығы
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87