Page 36 - Естествознаниe
P. 36
Металдар қандай болады?
Сен Тірек сөздер:
store nis edu kz
• түсті металдардың түрлeрiмeн тaнысaсың;
• олaрдың таралу аймақтарын aнықтaйсың. түсті металл
бағалы металл
Марапаттау жеңіл металл
Жеңімпаздарды ма ра
паттау рәсімінде медаль
дардың орны ауысып
кеткен екен. Марапаттаушы
ойланып қалды. Оған
көмектес.
Медальдардың әрқайсысы қай металдан жасалғанын
қалай және қандай белгілері бойынша ажыраттың? Ал
осы металдардың тобын қалай атайды?
Неге бірінші орынға алтын, екінші орынға күміс, үшінші
орынға қола береді?
Әшекейлер
Эврика Негешке әшекей бұйым туралы жұмбақ
жасырғысы келді. Ол жұмбағында әшекей зат жасайтын
металдардың қасиеттерін сипаттау үшін қандай сөздерді
қолдануы мүмкін? Әшекей жасағанда металдың қандай
қасиеттері ескеріледі?
Кенді пайдалы қазбалардан түсті металдар алына
ды. Түсті металдардың түрі көп. Қорғасын, мыс, мырыш
сияқты металдар ауыр металл деп аталады. Алюминий,
титан, магний – жеңіл металдар. Олардан электр
өткізгіш сым, тұрмыстық ыдысаяқ, мәшине дискісі
жасалады. Алтын, күміс сияқты бағалы металдардан
әшекей бұйым жасайды.
36 2-бөлім. 2-тарау. Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары

