Page 31 - Естествознаниe
P. 31

Көмір                                                               Шартты белгілер

             Көмір туралы тағы не білесің? Көмірді қайда                         Мынадай шартты бел­
          пайдаланады?                                                        гілерді қайдан кездес­
                  store nis edu kz
             Басқа жанғыш пайдалы қазбалар қалай пайда                        тіруің мүмкін? Олар не

          болғанын болжа.                                                     үшін қажет деп ойлайсың?





                                                                                көмір    мұнай     газ
             өсімдік        шымтезек       қоңыр көмір       таскөмір

             Көмір – қара немесе қарасұр түсті жылтыр тас тәрізді қатты пайдалы қазба.
          Мұнай – әдетте, қара түсті сұйық, қоймалжың зат. Газ көзге көрінбейді және оның
          иісі болмайды.


              Ойлан

               Еліміздің қай жер­
           лерінде мұнай  мен

           газ өндіріледі?








             Көмір миллиондаған жылдар бұрын бірінің үстіне бірі құлап, нығыздалған, шіріп,
          тас жынысқа айналған ежелгі орман ағаштарынан пайда болған. Көмір тұрмыста

          отын ретінде пайдаланылады. Одан лак, сыр, пластмасса, иіссу, дәрі­дәрмек жасай­
          тын заттар алынады. Көмірді Қарағанды мен Екібастұз кен орындарынан өндіреді.
          Қарағандыда шахтадан, Екібастұзда ашық әдіспен карьерлерден қазып алады.
             Мұнай теңіз бен мұхит астындағы тірі ағзалардың шіріген қалдықта рынан

          түзілген. Мұнайдан бензин, керосин, дизельді отын, парафин, лак, синтетика­
          лық талшықтар және басқа да көптеген бағалы заттар жасалады. Мұнай Атырау,
          Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары аймағындағы кен
          орындарынан өндіріледі.

             Еліміздегі ең ірі мұнай кен орны – Қашаған. Ол 2000 жылы ашылды. Қашаған
          еліміздің батысында, Атырау қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан.
             Табиғи газ мұнай кен орындарынан өндіріледі. Газ шығатын ірі кен орындары –
          Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз.

             Бұл пайдалы қазбалардың шартты белгісін картадан көре аламыз.



                                                                                                 3-сабақ      31
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36