Page 7 - Естествознаниe
P. 7

Зертте                                                               Ойлан

                Шағылу құбылысы қалай жүреді?                                     Тіс дәрігеріне айна не
                  store nis edu kz
                                                                              үшін қажет?

















                                                                                  Тағы қандай маман-
                                                                              дықтар оны пайдалана-
             Жарық сәулесі беті тегіс, жылтыр, айна сияқты                    ды? Таныстырылым жаса.
          заттардан жақсы шағылатынын білесің. Ал кейбір
          заттардың, мысалы, ақ  парақ, сүлгі, киім,  кілем,                  ?

          қабырға, ағаштың беті кедір-бұдыр болады. Мұндай                         Сен білесің бе?
          беттерден де жарық шағылады екен. Жарықтың                           Ай өздігінен жарық
          шағылу құбылысының көмегімен біз айналамыздағы                       шығармайды. Ай Күн
          заттарды көре аламыз.                                                сәулесін шағылдырады.



                      Жарықтың түрлі беттерден шағылуы











                    айналық                          кедір-бұдырлы
                беттен шағылу                       беттен шағылу             Есте сақта!


             Айналық беттен жарық бір бағытта шағылады,                           Денеге түскен жарық
          сондықтан біз өз бейнемізді көреміз. Ал кедір-                       шағылғандықтан  ғана
          бұдырлы беттен әр түрлі бағытта шағылады.                            адам оны көре алады.

          Сондықтан өз бейнемізді көре алмаймыз, бірақ ол                      Жарық тек тегіс, жылтыр
          заттың не екенін ажыратамыз. Мысалы, кітап беті кедір-               беттен ғана емес, кедір-
                                                                               бұдырлы беттен  де
          бұдырлы, оған түскен жарықтың шағылуы арқасында                      шағылады.

          суреттер мен әріптерді көре аламыз.



                                                                                                 1-сабақ        7
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12