Page 8 - Естествознаниe
P. 8
Жарықтың жұтылуы деген не?
Сен Тірек сөздер:
Қажет заттар: store nis edu kz
• жарықтың жұтылуы туралы білесің;
• жарықтың жұтылуының маңызын түсінесің. ақ жарық
жұтылу
Жедел жауап призма
• Айналаңа қара. Қандай түстерді көріп тұрсың?
• Жарықтың түсі қандай деп ойлайсың?
Неліктен?
• Кемпірқосақ қандай түстерден тұрады?
Кемпірқосақ қалай пайда болады?
Фотосуреттерді салыстыр. Оларға не ортақ?
Кемпірқосақтың жеті түсі қалай пайда болады деп
ойлайсың? Болжап көр.
Сен «ақ жарық» деген сөзді естіген боларсың. Күн
сәулесін біз ақ жарық ретінде көреміз. Осы ақ жарық
жеті түстен құралады. Оны ең алғаш 1672 жылы ағыл-
шын ғалымы Исаак Ньютон ашқан. Ол жарық сәулесі
шыны призма арқылы өткенде жеті түске: қызыл, қыз-
ғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін түс терге
бөлінетінін байқаған. Кемпірқосақ та дәл осылай пайда
болады. Мұнда су тамшылары призманың рөлін атқа-
рады. Жаңбырдан кейін күн шығып, күннің сәулесі
ауадағы мөлдір су тамшылары арқылы өткенде
ол жеті түске жіктеледі.
Зертте
Ақ жарық қалай пайда болады?
• түрлі түсті қарындаштар;
• қайшы;
• қатты қағаз.
8 2-бөлім. 1-тарау. Табиғат физикасы

