Page 77 - Естествознаниe
P. 77

Су ішінде дененің ауырлық күшіне қарсы кері итеруші күш әсер етеді. Егер
          судың кері итеруші күші дененің ауырлық күшінен үлкен болса, дене су бетінде
          қалқиды. Егер осы күштер тең болса, дене су ішінде жүзеді.
                  store nis edu kz



            Зертте

               Ауырлық күші мен кері
            итеруші күш өзара қалай
            әсер етеді?






          Мұз


             Мұз неден тұрады?
             Неліктен мұз суда жүзеді, неге ол
          батпайды? Осы сұрақтарға жауап ретінде
          таныстырылым дайында. Ғаламтордан
          ақпараттар мен фотосуреттер пайдалануыңа
          болады.

            ?   Сен білесің бе?                                                  Ойлан



               Сен суға батып кететін ағаш бар екенін білесің бе?                 Қайықты неліктен
            Кавказда «шамшат» деп аталатын ағаш өседі, оны жер-               ағаштан жасайды?
            гілікті халық «демир-ағаш» деп атайды. Себебі шамшат
            ағашы темірдей қатты, оларға оңайлықпен балта да
            батпайды, ара да өтпейді.
            Өзі өте ауыр болады, су
            бетінде қалқымайды, тас
            сияқты дереу су түбіне
            батып кетеді. Шамшаттың                                           Есте сақта!

            кейбір түрінен тіпті мә-
            ши ненің  ұсақ бөлшек-                                                Архимед күшінің
            терін де жасайды.                                                  әсеріне байланысты
                                                                               денелер сұйық бетінде
                                                                               қалқиды немесе сұйық
                                                                               ішінде жүзеді.






                                                                                                 4-сабақ      77
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82