Page 5 -
P. 5
Кіріспе
Құрметті оқушы!
Сені алуан түрлі заттар мен құбылыстар әлемі қоршайды. Жаратылыстану ғылымдары осы әлемді
және онда жүретін заңдылықтарды зерттейді.
Табиғи құбылыстар мен техникалық үдерістер физикалық және химиялық болып бөлінеді. Физикалық
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
құбылыстар мен үдерістерде заттар құрамын өзгертпейді, ал химиялық үдерістерде бір заттан қасиеті
басқа заттар түзіледі.
Химия заттардың құрамын, құрылысын және қасиеттерін, химиялық реакциялар мен құбылыстар-
дың заңдылықтарын зерттейтінін білесің. Химиялық заттар мен химиялық реакциялар металлургияда,
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
энергетикада, химиялық электр энергиясы көздерінде, медицинада, тамақ өнімдерін дайындауда, ауыл
шаруашылығында, тұрмыста және т.б. қолданылады. Сондықтан химия сабақтарында меңгерілген білім
мен білік күнделікті өмірде және болашақта керек болады. Ал оқулық осы білім мен білікті меңгеруге
көмектеседі.
Оқулық мазмұнын табиғи заттардың материалдық бірліктері және олардың генетикалық байланысы;
ағза құрамына кіретін формалардың салыстырмалы қарапайымнан едәуір күрделіге дейін дамуы; зат-
тардың қасиеттерінің құрамы мен құрылысына байланысты болуы; химиялық байланыстар табиғатының
бірлігі және олардың химиялық айналулар кезінде өзгеру тәсілдері; химиялық айналулардың мәнін за-
манауи ғылыми әдістер арқылы тану сияқты дүниетанымдық идеяларды ашу үшін негіз құрайды.
Жаңа тақырып атомдар мен молекулалардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер зерттелген 7-сы-
ныптағы физика курсымен; жасушалардың химиялық құрылымы және зат алмасу үдерістері қарастыры-
латын 7-9-сыныптағы биология курсымен пәнаралық байланысты жүзеге асыру ескеріліп жазылған.
Оқулық мазмұнында заттар кластары, металдар мен бейметалдар қасиеттері туралы мәліметтер си-
патталған, сілтілік және сілтілік-жер металдар мен галогендердің қасиеттері қарастырылған.
Оқулықта экология, Қазақстанның таиғат байлықтарын сақтау және көбейту проблемалары туралы
мәліметтер берілген. Олар қоршаған әлемді жақсы танып білуге көмектеседі.
Оқу үдерісінде батыл, креативті және жаңалыққа жаны құмар жан бол!
Авторлар
5

