Page 63 - Естествознаниe
P. 63

Жел қалай пайда болады?
                                                                     Ойлан
             Күн энергиясы ауа қозғалысына қалай әсер                 Жер бетінде жел соқпаса,
          етеді? Инфографика бойынша желдің пайда                  қандай өзгерістер болуы мүмкін?
                  store nis edu kz
          болуын түсіндір.






















             Күндіз күн сәулесі түзу сызық бойымен таралып, алдымен жердің бетін қыз-

          дырады. Жер бетінің қызуы өзіне жақын ауаны жылытады. Жылынған ауа жоғары
          көтеріле бастайды. Ал бұл кезде су бетіндегі ауа әлі де салқын болады. Себебі
          құрлыққа қарағанда су баяу жылиды. Жоғары көтерілген жылы ауаның орнына

          су бетіндегі салқын ауа жылжиды. Осылай күндіз су бетінен құрлыққа қарай жел
          соғады. Түнде жер беті суға қарағанда тез салқындайды да, оның үстіндегі ауа
          тезірек суынады. Бұл кезде су бетіндегі ауа әлі де жылы, сондықтан ол жоғары
          көтеріледі. Ал оның орнын құрлық бетіндегі салқын ауа басады. Яғни түнде жел
          құрлықтан суға қарай соғады. Табиғатта ауаның қозғалысы осылай пайда бола-

          ды. Оны жел деп атайды.

          Бөлме қалай жылынады?

             Сызбалар бойынша әр бөлмедегі ауаның қозғалысы туралы айтып бер. Бөлмені
          жылытудың қай түрі тиімді болады деп ойлайсың? Неліктен?






















                                                                                                 5-сабақ      63
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68