Page 67 - Естествознаниe
P. 67

Зертте                                                               Ойлан

               Ауаның қандай қасиеті табиғатта және күнделікті                    Таза оттекпен тыныс
                  store nis edu kz
            өмірде қолданылады?                                               алуға бола ма?



                                                                              ?    Сен білесің бе?



                                                                                  Зерттеушілер үй ішін-
                                                                               дегі ауаның сырттағы
                                                                               ауаға қарағанда қатты
                                                                               ластанатынын анықта-
                                                                               ды. Бөлмені желдетпе-
                                                                               се, үй ішіндегі оттек пен
                                                                               көмірқышқыл газдың

                                                                               арақатынасы өзгеріп,
                                                                               адам өзін нашар сезіне
                                                                               бастайды. Сондықтан
                                                                               сынып бөлмесінің де,
                                                                               үйдің де ауасын жиі та-
                                                                               зартып тұру қажет.
             Ауа бізді қоршап тұратынын және барлық тірі
          ағзалардың тыныс алуы үшін қажет екенін білеміз.
          Ауаның құрамындағы оттектің маңызы өте зор. Оттек
          тек тыныс алу үшін ғана емес, ағаш, көмір, мұнай өнім-

          дері, газ сияқты денелердің жануы үшін де қажет.
          Табиғатта оттектің  қатысуымен таттану, шіру, ашу,
          бүліну үдерістері жүреді. Қыздырғанда көлемінің
          ұлғаюы мен суығанда тығыздануы, қозғалуы, жылуды

          нашар өткізуі сияқты ауаның қасиеттері табиғатта
          маңызды рөл атқарады. Тіпті дыбыстар да ауада
          таралуы арқылы естіледі.
             Адам ауыр жағдайға түсіп, тыныс алуы қиындаған

          жағдайда оттек жастықшасын пайдаланады. Альпи-                      Есте сақта!
          нистер биік тауға шыққанда, сүңгуірлер су астын зерт-                   Адам күнделікті өмір-
          тегенде, шахтада, химия өнеркәсібінде, өрт кезінде                   де ауаны қасиеттеріне
          және ұшақта тыныс алуды қамтамасыз ету үшін оттек                    байланысты қолданады.

          баллонын пайдаланады.



                                                                                                 7-сабақ      67
   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72