Page 77 - Естествознаниe
P. 77
Су көздері табиғи құбылыстар мен адам әрекетінен
ластанады. Дауыл мен құйын құм, топырақ, шаңды Ойлан
бұрқыратып, су көзін лайласа, жаңбыр суы ауаға ұшқан Су «гүлдене» ме?
store nis edu kz
түрлі зиянды заттарды суға араластырады. Адамдар
өндіріс орындарынан шығатын қалдықты, мұнай өнім-
дерінің қалдығын, тұрмыстық қоқыс пен сарқынды
суды ағызу, тыңайтқышты артық қолдану, қауіпті жүк
тасымалдау арқылы су көзінің ластануына себепші
болады. Ластанған суды пайда лану адам өмірі мен
барлық тірі ағзаның тіршілігі үшін қауіпті.
Сумен көптеген ауру таралады. Олар ауызсуды
пайдалану арқылы ғана емес, лас суда шомылудан
да жұғады.
Зертте ? Сен білесің бе?
Суды ластанудан қалай сақтауға болады? Су гиацинті (эйхор-
Суреттердің көмегімен зерттеу жүргіз. ния) суқоймаларды зи-
янды заттардан тазарта-
ды. Ол су құрамындағы
улы заттармен, ауыр ме-
талдармен қоректенеді.
Есте сақта!
Ә р аза мат с уды
қорғау ға, үнемдеуге өз
үлесін қосуы тиіс.
12-сабақ 77

