Page 72 - Естествознаниe
P. 72

Жауын-шашынға не жатады?




            Сен                                                                        Тірек сөздер:
                  store nis edu kz

              •  жауын-шашын туралы білесің.
                                                                                      қар
               Жедел жауап                                                            жаңбыр
               •  Күн райы деген не?                                                  шық

               •  Су айналымы деген не?                                              бұршақ

               •  Су айналымында су қандай күйлерде                                  қырау
                   кездеседі?                                                        қылау


             Жауын-шашын түрлері

                Эврика теледидардан күн райы болжамын тыңдап, жауын-шашын болатынын
             естіді. Сонда жауын-шашын деген не? Эврика жауын-шашын туралы ақпарат іздеді.

             Оның ғаламтордан тапқан ақпараттарын зерделе. Жауын-шашын түрлеріне берілген
             сипаттамаларды фотосуреттерімен сәйкестендір.

















                         Жауын-шашын түрлері


                     Жаңбыр         Қар               Бұршақ          Қырау              Шық
                     Жер бетіне  Түрлі                Ірілі-ұсақты  Түрлі заттарға   Ауадан
                     сұйық          пішінді мұз       түйіршік        тұрып қалатын  бөлініп,
                     күйде          қиыршығы          түрінде         ине тәрізді        шөпке,

                     түсетін        түрінде           жауатын         ақ ұлпа мұз        жапыраққа
                     жауын-         түсетін           жауын-          қиыршықтары. тұрып
                     шашын.         жауын-            шашын.                             қалатын су
                                    шашын.                                               тамшысы.






        72        1-бөлім. 4-тарау. Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77