Page 26 - Естествознаниe
P. 26
Пайдалы қазба деген не?
Сен Тірек сөздер:
store nis edu kz
• пайдалы қазбаның не екенін түсінесің;
• пайдалы қазбалардың қалай өндірілетінін білесің. пайдалы қазба
кен
Жедел жауап карьер
• Табиғат ресурстары деген не? шахта
• Табиғат ресурстарын не үшін пайдаланады? бұрғылау
• Табиғат ресурстарын қайдан алады?
Қайдан алынады?
«Пайдалы» деген сөзді қалай түсінесің? Суреттегі денелердің қайсысы пайдалы?
Оларды қайдан алады және не үшін пайдаланады?
Мұндай ресурстарды не деп атайды?
Жер қыртысынан қазып алынып, адам қажетіне жарататын табиғи ресурс
түрлері пайдалы қазбалар деп аталады. Пайдалы қазбалар жер астында да,
жер бетінде де, тіпті су ішінде де болады. Оларға көмір, мұнай, газ, алтын, күміс,
қорғасын, әктас, гипс, бор, гранит, ас тұзы сияқты ресурстар жатады.
Жер қабығындағы пайдалы қазбалардың жиынтығын кен деп атайды. Оларды
өңдеу арқылы металдар мен металл емес заттар алынады.
26 2-бөлім. 2-тарау. Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары

