Page 27 - Естествознаниe
P. 27
Не өндіріледі?
Фотосуреттерде қандай үдерістер бейнеленген? Бұл жерлерден қандай пайдалы
қазбалар өндіріледі және оларды қалай қазып алады? Пайдалы қазба өндіруге
store nis edu kz
байланысты қандай мамандықтарды білесің?
Зертте
Үй салу үшін қандай пайдалы қазбалар қолданылады?
Пайдалы қазбаларды түрлі әдіспен өндіреді. Жер
бетіне жақын жатқан кенді экскаватормен қазып алады. Ойлан
Оны ашық әдіс деп атайды. Қазылған жерлерде үлкен Пайдалы қазба өн
ойыстар – карьерлер түзіледі. Карьердегі қазылған діретін жерлердің қан
кенді экскаватормен мәшинелерге тиеп, өңдейтін дай ұқсастығы мен айыр
машылығы бар?
орынға жеткізеді.
Терең жер қойнауында жатқан кенді қазып алу
үшін шахта жасалады. Бұл жабық әдіс деп аталады.
Шахтадан өндірілген кен арнайы вагонмен жер бетіне
шығарылады.
Ал мұнай жер қыртысында қоймалжың күйде
кездеседі. Оны бұрғылау әдісімен алады. Ол үшін
мұнай шоғырланған жерді үлкен бұрғымен тесіп,
сорғымен тартады.
Есте сақта!
Пайдалы қазбалар жер қойнауында болады. Олар
ды ашық әдіспен карьерлерден, жабық әдіспен шахта
лардан қазып алады. Сұйық күйдегі пайдалы қазбалар
бұрғылау арқылы алынады.
1-сабақ 27

