Page 78 - Естествознаниe
P. 78
Денелер суда қалай жүзеді?
Сен
store nis edu kz
• денелерді суда қалай жүздіруге болатынын білесің.
Түсіндір
Суреттерді зерделе. Не байқадың? Неліктен осылай
болды? Ойыңды түсіндір. Осыған ұқсас мысал келтір.
Денеге су тарапынан әсер ететін кері итеруші
күш оның көлеміне байланысты болады. Егер суға
батырылған дененің көлемі үлкен болса, кері итеруші
күш те үлкен болады.
Балықтар суда қалай жүзеді?
Балықтар судың терең түбіне де бара алады, судың
бетіне де көтеріле алады. Олар оны қалай реттейді? Қажет
ақпаратты алу үшін энциклопедиялар мен ғаламторды
пайдалан.
78 2-бөлім. 4-тарау. Күш және қозғалыс

