Page 79 - Естествознаниe
P. 79
Зертте
Жұмыртқа жүзу үшін
store nis edu kz
не істеу керек?
Қажет заттар:
• шикі жұмыртқа;
• ыдыс;
• су;
• тұз;
• қасық.
? Сен білесің бе?
Ең алып жануарлардың бірі –
кит. Оның массасы шамамен
130-150 тоннадан, ал ұзындығы
30 метрден асады. Осынша үлкен
болса да, кит 800-1000 м тереңдікке
дейін жетіп, мұхит бетіне шыға ала-
ды. Себебі ол мұхит бетіне көтерілу
үшін өкпесін ауаға толтырады. Кит
өкпесінің көлемі ұлғаяды. Осы кезде
су тарапынан кері итеретін Архимед
күші де артады. Ал тереңге сүңгу үшін
кит өкпесіндегі ауаны шығарады.
Ойлан
Өлі теңіз туралы не білесің?
Өлі теңізде адам суға батпайды. Неліктен?
Есте сақта!
Егер сұйықтық тара-
пынан әсер ететін Архи-
мед күші дененің ауыр-
лық күшінен аз болса,
дене суға батып кетеді.
5-сабақ 79

