Page 125 -
P. 125

География

             Б










                   textbooks nis edu kz




















               ЖЕР СІЛКІНІСІ МЕН ЦУНАМИ ЖАПОНИЯНЫ ОЙРАНДАТТЫ


                     апония дүниежүзіндегі ең бай 10 мемлекеттің қатарына кірсе де, ондағы физикалық-
               Жгеографиялық жағдай барлығын өзгертуде. 2011 жылы 11 наурызда магнитудасы 9,0
               болатын жер сілкінісі мен 38 м биіктікке жететін цунами Жапонияның солтүстік -шығыс
               жағалауынан соқты. Шамамен 18500 адам қаза тауып, із-түзсіз жоғалып кетті, 341000
               адам баспанасыз қалды. Аймақ тұрғындарының көпшілігі егде жастағы адамдар және ауа
               райының суықтығы, тасымалдайтын жолдардың бұзылуы оларды көшіруге кедергі келтірді.
               Толқындар Фукусима АЭС-на зақым келтіріп, радиоактивті заттардың ағып кетуіне себепші
               болды. Апат экономикаға көп шығын әкелді. Апат салдарынан 138 000 ғимарат жойылды,
               экономикаға $360 миллиард көлемінде зардап келтірілді. Ол дүниежүзіндегі ең қымбат
               табиғи апаттардың бірі болды. Апаттан кейін жедел түрде Жапониядағы электр энергиясын
               өндіру 40%-ға қысқарып, 50  атом реакторының он бірі жабылды.




                  СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!


              1.  Елдің экономикалық-географиялық      3.  Мысырдағы туризмнің төмендеуі туралы берілген Ә
                 жағдайы қалай өзгеруі мүмкін?            мақаласын мұқият оқып шық.
              2.  Бангладештегі су тасқыны туралы А       3.1. Туризмнің Мысырдың экономикалық-
                 мақаласын мұқият оқып шық.                  географиялық жағдайына әкелетін
                                                             артықшылықтарын сипатта.
                 2.1. Бангладештің экономикалық-
                    географиялық жағдайының               3.2. Терроризмнің осы жағдайға келтірген теріс әсерін
                    артықшылықтарын сипатта.                 түсіндір.
                 2.2. Елдің неліктен осыншама су       4.  2011 жылы Жапонияда болған апат туралы айтылған Б
                    тасқынын бастан кешкендігін           мақаласын мұқият оқып шық.
                    түсіндір.
                                                          4.1. Жапонияның неліктен дүниежүзінің бай елдерінің
                 2.3. Елдің экономикалық-географиялық        бірі екенін анықтап, экономикалық-географиялық
                    жағдайына жиі болатын су                 жағдайын сипаттау үшін зерттеу жүргіз.
                    тасқындары қалай теріс әсерін
                    тигізетінін түсіндір.                 4.2. Неліктен жер сілкінісі Жапонияның жағдайына
                                                             теріс әсерін тигізді?

                                                                                                                125
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130