Page 122 -
P. 122

Елдердің экономикалық-географиялық


               жағдайына баға беру








                  Бұл сабақта:                  Өткен тарауда табиғи ресурстар мен экономикалық қатынастар туралы
                   textbooks nis edu kz
                  ✔ географиялық                оқыдың. Сол біліміңді мемлекеттің экономикалық-географиялық
                  деректерді қолданып,          жағдайын сипаттау үшін қолдануға болады. Экономикалық-геогра-
                  экономикалық-                 фиялық жағдай – кез келген елдің өз шаруашылығына әсер ететін та-
                  географиялық жағдайды         биғи және антропогендік нысандарға қатысты жағдайы:
                  бағалауды;                    ✔ табиғи-ресурстық фактор (өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін
                  ✔ елдерді экономикалық-       табиғи ресурстарға қолжетімділік);
                  географиялық
                  орнына байланысты             ✔ агро-географиялық фактор (ауыл шаруашылығын дамыту үшін  ой-
                  топтастыруды үйренесің.       паттар мен қыраттардың үлесі);
                                                ✔ демографиялық және нарықтық фактор (нарық пен жұмыс күшін
                                                қамтамасыз ететін халық санының мөлшері);

                                                ✔ көліктік-географиялық фактор (шикізат пен өнімнің тасымалы мен
                                                байланысының сапасы).


                                                 A
                                                  Экономикалық-географиялық жағдайды неғұрлым
                                                  тиімді көрсететін факторлар:

                                                  ●  Дүниежүзілік мұхиттарға шығу мүмкіндігінің болуы;
                                                  ●  шығарған өнімді тұтынатын халқы көп   көршілес бай
                                                     мемлекеттер;

                                                  ●  шикізатты арзан алу үшін оған жақын орналасу;

                                                  ●  шикізат пен дайын өнімді тасымалдау үшін көлік жүйесінің
                                                     болуы.


                                                 Ә
                                                  Экономикалық-географиялық жағдайды неғұрлым
                                                  тиімсіз көрсететін факторлар:

                                                  ●  Дүниежүзілік мұхиттарға  шығу мүмкіндігінің  болмауы;
                                                  ●   тұтынушылары аз көршілес кедей елдер;

                                                  ●  өнімді сату, сатып алу үшін шикізат көзінен алыс орналасу;

                                                  ●  көлік  жүйелерінің аз болуы.











        122
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127