Page 121 -
P. 121
География
Б
Елдің пішіні Сипаттамасы
Біртұтас Аумағы квадрат немесе дөңгелек тәрізді болып келеді. Бұл шеткі
аудандардың ел орталығына шамамен бірдей қашықтықта орналасуына,
қатынас жолдарының неғұрлым жақсы тарамдалуына, аумақтың
экономикалық дамуына және басқарылуына қолайлы.
қарым-қатынас жасау қиындық тудыруы мүмкін. edu kz
Құрамында Бұл мемлекет басқа мемлекеттің аумағында орналасады. «Ішіндегі»
анклавтары бар мемлекетке жету үшін осы мемлекеттен асып өту керек. Егер екі мемлекет
арасында келіспеушілік болса, ішіндегі елге жету қиын болуы мүмкін.
Мысалы, Сан-Марино мемлекетін Италия, Лесотоны Оңтүcтік Африка
Республикасы, сондай-ақ Өзбекстанның Шахимардан және Сох қалаларын
Қырғыз жері қоршап жатыр. Егер анклавтың теңізге шығар жолы болса,
онда ол жартылай анклав деп аталады.
Шашыраңқы Аумағы тұтас емес, бөлшектелген мемлекет. Мемлекеттің шашыраңқы
орналасқан орналасуы физикалық немесе адам жасаған кедергілерден болуы мүмкін.
textbooks nis
Әдетте, ондай кедергілерді таулар, мұхиттар немесе өзендер тудырады. Егер
мемлекет осындай жағдайда бөлінген болса, оны басқару және бір-бірімен
Созылыңқы Созылған мемлекет ұзын және енсіз болады. Ол мемлекетті қорғауды
орналасқан қиындатады. Шеткі аудандары орталықтан қашықта орналасқандықтан
басқару қиындық тудырады. Бірақ ондай мемлекетте ландшафтың алуан
түрін кездестіруге болады.
СЕНІҢ КЕЗЕГІҢ!
1. Елдерді топтастырудың қандай 3 жолы бар?
2. А кестесінің көшірмесін жаса. Әр аумаққа бір елден мысал жазу үшін тағы бір баған қос.
3. Ә сызбасының көшірмесін жаса. Әр санатқа бір елден мысал жазу үшін тағы бір баған қос.
4. В суретіндегі a–г елдер Б кестесінде сипатталған 4 пішіннің мысалдары болып табылады. Елдерді
пішіндерімен сәйкестендір.
5. Әр пішіннің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
6. Осы сабақтан алған ақпаратты қолданып, өзің таңдаған елдің пішіні мен аумағын сипатта.
В
a ә б в г
Польша Индонезия Чили Оңтүстік Африка Таиланд
121

