Page 17 -
P. 17
Физика
Салыстырмалы қозғалыс
Күнделікті өмірде біз механикалық қозғалыспен
жиі кездесеміз. Бұл дегеніміз не? Механикалық
қозғалыс деп дененің уақыт аралығында басқа
денелерге қатысты орнының өзгеруін атайды. Кез
келген қозғалыс салыстырмалы және таңдалған
санақ жүйесіне тәуелді болады. Санақ жүйесі —
textbooks nis edu kz
санақ денесі, координаталар жүйесі және сағаттан
тұратын жиынтық. Жалпы жүрген жол қозғалыс
траекториясына, сондай-ақ бақылаушының санақ
нүктесіне тәуелді болады.
Сен платформада пойызды күтудесің және теннис
добымен ойнап тұрсың делік. Сен допты жоғары
қарай лақтырып, ол төмен түскенде қағып аласың.
Доп түзу сызық бойымен қозғалады. Содан соң сен
өтіп бара жатқан пойыздағы адам дәл соны жасап
жатқанын көресің. Бірақ сен пойыздың сыртында
болғандықтан, доп парабола траекториясымен
қозғалатын болып көрінеді! Қозғалыс және тра-
ектория бақылаушының санақ жүйесіне тәуелді!
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Жердің Күнге қатысты қозғалысының траекториясын сал. Жердің Күнді толық бір айналғанда жүрген
жолын есепте.
2. Сені Алматы қаласының көрікті жерлерін қарап жүрген саяхатшы делік. Саяхат «Қазақстан» қонақ үйінен
басталады: ол жерден сен жоғары қарай бір көше 580 м жүріп Орталық мемлекеттік мұражайға барасың,
содан соң 600 м тура қозғалып Республика алаңына шығасың, кейіннен автобуспен тағы 970 м жүріп
Цирк ғимаратына дейін жүресің. Цирктің жанында сен автобусқа отырып, аспалы жол стансысына дейін
1,3 км, артынан Медеуге дейін аспалы жолмен 620 м қозғаласың. Соңында қонақ үйге оралу үшін 39 м
автобуспен жүресің. Сенің жүріп өткен жол мен орын ауыстыруды салыстыр.
17

