Page 18 -
P. 18
2.2. Бірқалыпты қозғалыс
Қозғалып Бірқалыпты қозғалыс нені білдіреді?
келе жатқан Егер дене тең уақыт аралығында бірдей қашықтық жүріп өтсе, онда
автокөліктің қозғалыс бірқалыпты деп аталады. Айталық, қозғалыстағы дене
textbooks nis edu kz
ішінде терезеге соңынан із қалдырса (мысалы, автокөлік майының тамшылары), біз
қарап отырып, автокөліктен тамған май дақтарының арасындағы қашықтық бірдей
бірқалыпты болатынын бақыладық, демек дене бірқалыпты қозғалады. Бұл дене
қозғалыста тұрақты жылдамдықпен қозғалатынын білдіреді.
екенімізді қалай Жылдамдық нені білдіреді?
анықтауға Жылдамдық — дененің белгілі бір бағытта қаншалықты тез қозғала-
болады? тынын сипаттайтын физикалық шама. Бұл жылдамдықтың векторлық
шама екенін білдіреді.
Жылдамдық «v» таңбасымен белгіленеді. Жылдамдықты (v) есептеу
үшін жалпы орын ауыстыруды (S) осы орын ауыстыруға жұмсалған
жалпы уақытқа (t) бөлу керек.
S
v =
t
Автокөліктің спидометрі шамамен 120 км/сағ көрсетіп тұр. Бұл нені
білдіреді? Бұл автокөлік бір сағатта 120 км жүретінін білдіреді.
Жылдамдықтың шамасы (мәні) өте маңызды болып келеді және
жылдамдық модулі деп аталады. Жылдамдық модулі — нысанның
көрсетілген нүктедегі және белгілі бір уақыттағы мәні. Жылдамдық
модулі «S» деп белгіленеді. Бізге тек мәні керек болғандықтан, жыл-
дамдық модулі скаляр шама болып табылады.
Жылдамдық модулі жылдамдық сияқты есептелінеді. Бірақ осы
жағдайда бізге жүрген қашықтық (d) және осы қашықтықты жүруге
жұмсалған уақыт (t) қажет
жылдамдық модулі (S) = жүрген қашықтық (d) / жұмсалған уақыт (t)
Жылдамдық бағытының сондай-ақ маңызды мәні бар. Жылдам-
дық векторының бағыты нысан қозғалысының бағытын көрсетеді.
Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесіне (ХБЖ) сәйкес жылдам-
дықтың өлшем бірлігі — метр секундына (м/с). Күнделікті өмірімізде
біз басқа да өлшем бірліктерін қолданамыз, мысалы, километр саға-
тына (км/сағ) немесе миль сағатына (миль/сағ).
ЕСТЕ САҚТА! Егер уақыт барысында дененің жылдамдығы өзгер-
мейтін болса, қозғалыс бірқалыпты саналады. Бірқалыпты қозға-
лыстың траекториясы түзу сызық болса, онда бұл қозғалыс түзу
сызықты бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
18

