Page 78 -
P. 78
8.2. Сұйықтар мен газдардың қысымы
Сабын көпіршігі Газ қысымы
неге дөңгелек?
Газ әрқашан өзі орналасқан көлемді толық толтырады. Ретсіз қозға-
лыстардың нәтижесінде, газ молекулалары үнемі бір-бірімен және
ыдыс қабырғасымен соқтығысып отырады. Бір молекуланың соққы
textbooks nis edu kz
күші өте аз, бірақ барлық молекулалардың ыдыс қабырғасына неме-
се газда орналасқан денеге әсері анағұрлым көп. Газдың қысымы
молекулалардың осы әсерімен түсіндіріледі.
Массасы өзгермейтін газдың алатын көлемі өзгергенде, қысым да
өзгереді. Егер масса өзгеріссіз қалып, температурасы өзгерсе, газдың
қысымы да өзгереді.
Атмосфера — Жердің ауа қабығы, ол да қысым жасайды. Атмосфе-
ралық қысым барометр құралының көмегімен өлшенеді.
Паскаль заңы
Қатты денелер күштің түсірілу бағыты бойынша қысым түсіреді.
Осының арқасында біз балғамен шегені қаға аламыз, пышақпен кесе
аламыз және күрекпен жерді қаза аламыз. Сұйық пен газ қысымды
күштің түсірілу бағытымен ғана емес, сонымен бірге барлық бағытта
Барометр атмосфералық қысымды
өлшеу үшін арналған. бірдей береді. Бұл заңды 1653 жылы француз ғалымы Б. Паскаль
орнатты және соның құрметіне Паскаль заңы деп аталды. Сұйық
пен газ қысымды осылай бере алуы, олардың молекулаларының
барлық бағытта еркін қозғала алатындығымен түсіндіріледі.
Паскаль заңы: Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт
бойынша өзгеріссіз беріледі.
Сұйықтағы қысым тең деңгейде барлық бағытқа бірдей беріледі.
Тереңдік артқан сайын, қысым да артады.
Қысым манометр деп аталатын құралмен өлшенеді.
Сұйықтар, орналасқан ыдыстың табанына қысым түсіреді. Сұйықтың
Манометрлер мұнай және газ жоғары орналасқан қабаттары салмаққа ие болып, төменгі қабат-
индустриясында қолданылады.
тарына қысым түсіреді. Паскаль заңы бойынша, бұл қысым барлық
бағытта бірдей беріледі. Сондықтан сұйықтар ыдыстың бүйір беттеріне
де қысым түсіреді. Егер сұйыққа бату тереңдігі өзгерсе, онда жоғары
жатқан қабаттардың саны да өзгереді. Осыған байланысты қысым да
өзгереді. Қозғалмайтын сұйықтың түсіретін қысымын гидростатикалық
деп атайды. Ыдыстың табаны мен қабырғаларына, сонымен қатар
сұйыққа батырылған денеге түсіретін қысымын есептеу формуласы:
сұйық қысымы = сұйық тығыздығы × тұрақты физикалық
шама g × су бағанының биіктігі
p=ρ∙g∙h
78

