Page 79 -
P. 79

Физика

             ЕСТЕ САҚТА!   Газ қысымы газ молекулаларының соққысынан пайда болады. Молекулалар ыдыс қабырға-
            сына неғұрлым жиірек және күштірек соқтығысатын болса, газдың қысымы соғұрлым көбірек болады.
            Паскаль заңы: сұйыққа немесе газға әсер ететін қысым олардың барлық нүктелеріне, барлық бағытта
            әсер етеді.

            Сұйық қысымы бір деңгейде барлық бағыттарда бірдей. Тереңдік артқан кезде қысым да артады.
             ЗЕРТТЕУ
                   textbooks nis edu kz
            1.  Әуе шарын қолдана отырып, оның көлемі және температурасы өзгергенде қысымның қалай өзге-
               ретіндігін анықта. Шыққан нәтижені түсіндір?

            2. Полиэтилен қалтасын пайдаланып, сұйықтар үшін Паскаль заңының орындалуын тексер. Паскаль
               заңы қатты денелерде не себепті орындалмайтындығын түсіндір?
            3. Пластикті бөтелкенің көмегімен сұйықтағы қысым тереңдікке байланысты қалай өзгеретіндігін тексер.
               Мұны қалай түсіндіресің?

             ТАПСЫРМА   Қазақстанның  ең  терең  көлдерінің  бірі,  Балқаш  көліндегі  балықтар  қандай  тереңдікте
            жүзіп жүргенін анықта, егер осы тереңдіктегі судың қысымы 150 кПа, ал судың тығыздығы 1020 кг/м
                                                                                                            3
            болса?

              Берілгені       ХБЖ                      Шешуі
              р = 150 кПa     150 000 кг               р = ρgh                  150 000 Пa
              ρ = 1020 кг/м 3                                 p       h =        кг      Н     ≈ 15 м
                                                       h =                 1020      ∙ 9,8

              g = 9,8 Н/кг                                   ρ ∙ g               м 3     кг
                                                                      Жауабы: h = 15 м


                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР


              1.  Неге Балқаш көлінің бірдей тереңдіктерінде, оның тұзды бөлігі тұщы бөлігіне қарағанда судың қысымы
                 жоғары?
              2. Әртүрлі үш ыдысқа — стақан, бөтелке және шәйнекке бірдей мөлшерде су құйылды. Ыдыстардың қай-
                 сысында су ыдыс түбіне көбірек қысым түсіреді? Ең азы қайсысында? Жауабыңды түсіндір.
              3. Неліктен ұшақта ұшу кезінде қытырлақ картоп қалтасы ұлғаяды?



             ҚОСЫМША   Үлкен тереңдіктерде құлақ бітеліп қалып, ауруы мүмкін, сол себептен тезірек жоғарыға
            жүзіп шыққымыз келеді. Бұл неліктен болады? Бөлімнің тірек сөздерін қолдана отырып, әртүрлі тех-
            никалық құрылғылар арқылы су астына түскен кезде адаммен не болатыны туралы презентация дай-
            ында.






















                                                                                                                 79
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84