Page 81 -
P. 81

Физика
            Аэростатика

               Ауа шары Жер бетінен көтерілуі үшін кері итеруші күш шарға
            әсер ететін гравитациялық күшінен үлкен болуы қажет. Ауа шарының
            көтергіш күші ауаға қажетті жүкті көтеруге мүмкіндік береді. Ол кері
            итеруші күш пен гравитациялық күшінің айырымына тең:

            көтергіш күш = Архимед күші – гравитациялық күш
                   textbooks nis edu kz
             F = F A  – F g

             ЗЕРТТЕУ

            1.  Кері итеруші күштің әсерін суы бар ыдыс, жіңішке резеңке, сызғыш
               және тығын көмегімен бақыла. Кері итеруші күштің бағытын анықта.

            2. Әртүрлі материалдан жасалған бірдей екі көлемді денені, бір материалдан жа-
            салған, бірақ әртүрлі көлемді екі денені, динамометрді, суы бар ыдысты және ішіне
            май құйылған ыдысты пайдаланып:

               а) кері итеруші күш дененің жасалған материал түріне қалай тәуелді екендігін;
               ә) кері итеруші күш дененің сұйыққа бату тереңдігіне қалай тәуелді екендігін;
               б) кері итеруші күш сұйыққа батырылған дененің көлеміне қалай тәуелді екендігін;

               в)  кері  итеруші  күш  дене  батырылатын  сұйықтың  тығыздығына  қалай  тәуелді
               екендігін анықта.
            3.  Тығынның  ағаш  кесегінің  және  бірдей  көлемді  мұз  кесегімен  және  суы  бар
            ыдыспен, дененің сұйыққа батырылу тереңдігіне, оның бетінде жүзіп жүрген де-
            ненің тығыздығына қалай тәуелді екендігін анықта.


             ТАПСЫРМА   Өзеннің түбіндегі көлемі 0,02 м , массасы 25 кг ауыр тасты көтеру үшін
                                                      3
            қандай күш оған әсер ету керек?

              Берілгені        Шешуі

              m = 25 кг                              F
                                                                                        3
                                                                                               3
              V = 0,02 м 3     F g = F A + F                    F = 9,8 Н/кг (25 кг – 1000 кг/м · 0,02 м  ) = 49 Н
              F = ?            F = F g – F A
                               F g = mg                   F A
                               F A = ρgV                        Жауабы: 49 Н-нан аз емес.
                               F = mg – ρgV
                               F = g(m – ρV)

                                                     F g



                СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

              1.  Бірінші  сынып  пен  жоғарғы  сыныптың   3.  Гелиймен толтырылған шар неге ұшатынын түсіндір.
                 оқушысы суға сүңгіді. Олардың қайсысына   4.  Тығыннан, ағаштан және темірден жасалған үш дененің
                 кері итеруші күш көбірек әсер ететіндігін   көлемдері бірдей 100 см . Осы денелерді суға салсақ,
                                                                                 3
                 түсіндір.                                  осылардың әрқайсысына әсер ететін Архимед күшін
              2.  Суда кірпіш батады, ал тығын қалқып шыға-  анықта.
                 ды. Бұл тығынға әсер ететін кері итеруші   5.   Суда қалқып жүрген ағаш білеуше 0,5 л суды ығыстырып
                 күш кірпішке әсер ететін күштен көп дегенді   шығарған. Білеушенің салмағын есепте?
                 білдіре ме? Жауабыңды түсіндір..

                                                                                                                 81
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86