Page 4 -
P. 4

Кіріспе





        textbooks nis edu kz
                  Құрметті оқушылар!
                  Сендер қызық ғылым – «Химияны» оқуға кірісесіңдер.
                  Бізді  қоршаған  заттардың  көбісі:  киім,  күнделікті  өмірде  пайдаланылатын
               заттар,  заманауи  жол  жасауға  арналған  материалдар,  дәрі-дәрмектер,
               тұрмыстық химиялық және алуан түрлі парфюмериялық заттардың барлығы
               химия өнімдері болып табылады.
                  Химия  –  заттар  туралы  ғылым.  Барлық  заттың  белгілі  бір  құрамы  мен
               қасиеттері  болады.  Оқулық  материалдарын  оқыған  кезде  қасиеттеріне
               байланысты  заттардың  әртүрлі  салада  қолданылатынын  білетін  боласыңдар.
               Бір заттың басқа затқа айналуын, қоршаған әлемде – атмосферада, топырақта,
               суда және тірі ағзаларда қандай үдерістер жүретінін түсінесіңдер.
                  Химия  –  қолданбалы  жаратылыстану  ғылымдарының  бірі.  Ол  физика,
               биология,  география,  информатика  және  математика  ғылымдарымен  тығыз
               байланысты.  Химия  сабақтарында  академиялық  тілді  дамытасыңдар  және
               үштілділік  негіздерін  пайдаланып,  практикалық  дағдыларыңды  жетілдіретін
               боласыңдар.
                  Заманауи  химия  өнеркәсіп,  ауыл  шаруашылығы,  медицина,  ғылым  мен
               техниканың  дамуына  әсер  етеді.  Химия  кабинетінде  қауіпсіз  жұмыс  істеу
               дағдыларын  игеру  сендерге  меңгерген  білімдеріңді  өмірде  пайдалануға,
               тұрмыстық  химиялық  заттарды,  дәрілік  препараттарды  және  т.б.  дұрыс
               қолдануға мүмкіндік береді.
                  Сендерге  шартты  сілтемелер  жол  көрсетеді.  «Сендер  білесіңдер  ме?»
               айдары химиядағы алдыңғы қатарлы ғылыми деректер мен ашылулар туралы
               білімдеріңді  тереңдетуге  және  ой-өрістеріңді  кеңейтуге  арналған.  «Есте
               сақтаңдар» айдарында химиялық терминдер мен ұғымдарға түсінік беріледі.
               «Зерттеңдер»  айдарында  берілген  нұсқаулар  химиялық  эксперименттерді
               дұрыс жүргізуге көмек болады.
                  Әрбір тақырып және тарау соңында меңгерген білімді жүйелеу әрі бекіту
               үшін саралап жіктелген тапсырмалар берілген. Оқулықта Қазақстанның табиғи
               байлықтарын сақтау және экологиялық проблемалар туралы мәліметтер бар.
               Ол мәліметтер өздеріңді және қоршаған әлемді танып білуге көмектеседі.
                  Химия ғылымын оқып білуде сәттілік тілейміз!


                    Ескертуші белгілер:

                           Тез тұтанатын заттар!

                          Аллергия тудыратын (тітіркендіретін) денсаулыққа зиянды заттар!





                          Қауіпті! Күйдіргіш және коррозия тудыратын заттар!



                         Қауіпті! Улы заттар!



                          Қорғағыш көзілдірік киіп жұмыс істеу керек!
   1   2   3   4   5   6   7   8   9