Page 7 -
P. 7

ХИМИЯ
               Сендер білесіңдер ме?

        textbooks nis edu kz
                 Ежелгі гректер төрт түрлі «элементті»: жер, ауа, от және суды
              ажырата білген.
                 Олардың ішінде қайсысы химиялық элемент болып табылады?
              Химиялық  элемент  болмаған  жағдайда,  заттың  қай  типіне
              жатады?
                 Роберт Бойль
                 Химиялық  элемент  туралы  заманауи  түсінікті  Роберт
              Бойль  (1627–1691)  ұсынған.  Ол  сондай-ақ  бақылау  негізіндегі
              эксперименттік жұмыстың ғылыми әдісі арқылы да танымал.




               Химия  физика,  биология  және  басқа  да  ғылымдар  сияқты
            қоршаған  ортаны  танып  білуге  мүмкіндік  береді.  Химия  күнделікті
            өмірде үлкен рөл атқарады. Шикізатты өңдеу металл, құйма, отын,
            пластик,  тыңайтқыш  және  дәрі-дәрмек  сияқты  бағалы  өнімдерді
            алуға  мүмкіндік  береді.  Шикізатты  және  одан  жасалған  өнімдерді
            дұрыс қолдану адамның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы жағдай
            жасайды.
               Алайда, кейбір химиялық заттар күйдіргіш, улы және ауада оңай          Өртсөндіргіш
            жанады.  Қауіпсіздік  ережелерін  сақтамау  салдарынан  зертханада
            өрт  болуы,  адам  улануы,  терінің  химиялық  күюі  ықтимал.  Кейбір
            химиялық  заттар  зиян  келтіріп,  қатерлі  ісік  және  басқа  да  аурулар
            тудыруы  мүмкін.  Сондықтан  барлық  химиялық  заттарды  мұқият
            пайдалану  қажет.  Сынған  шыны  құрал-жабдықтар,  қызып  тұрған
            заттар және ақауы бар электр жабдықтарымен жұмыс жасау және т.б.
            салдарынан жазатайым жағдай болуы мүмкін. Зертханада әрқашан           Алғашқы көмек көрсетуге
            ескертуші және ақпараттық белгілерді ескеріңдер.                       арналған дәрі қорабы















                   Күйдіргіш зат               Міндетті түрде қорғағыш            Тамақ немесе сусын
                                               көзілдірік кию қажет               ішуге тыйым салынады





              Орындаңдар

              1. «Химия бұл…» зияткерлік картасын жасаңдар.
              2. Күнде қолданылатын химиялық өнеркәсіптің он өнімін атаңдар.
                 Алюминий өндірісінде сақталатын кейбір қауіпсіздік ережелері
                 туралы біліңдер.

              3. Кейбір оқулықтарда химиялық зертханадағы жұмыс кезінде
                 сақталатын қауіпсіздік ережелерінің суреттегідей бейнесі беріледі.
                 А.   Суретте қандай қауіпсіздік ережесі көрсетілген?

                 Ә.  Суретке сын көзбен қарап, оқушы сақтамай отырған екі қа-
                    уіпсіздік ережесін анықта.
              4. «Ғылыми зертханадағы қауіпсіздік» деген сурет салыңдар.


                                                                                                                 7
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12