Page 6 -
P. 6
1.1. Химия – жаратылыстану
ғылымдарының бір бөлігі
textbooks nis edu kz
«Ғылым» және Сендерге бізді қоршаған әлемнің заттардан тұратындығы белгілі.
«химия» сөздерін Химия жай және күрделі заттардың құрамы, құрылысы мен
естіген кезде қасиеттерін, сонымен қатар олардың өзара әрекеттесуін зерттейді.
ойларыңа не Барлық заттар белгілі бір физикалық және химиялық қасиеттерге ие.
Мысал ретінде тұрмыста қолданылатын зат – алюминийді
келеді? Химия қарастырайық.
ғылымы туралы
не білесіңдер?
Физикалық қасиеттері Алюминий
агрегаттық күйі қатты зат
түсі күміс түстес ақ
дәмі дәмсіз
иісі жоқ
суда ерігіштігі ерімейді
жылуөткізгіштігі жоғары
электрөткізгіштігі жоғары
Тапсырма
1. Алюминийдің суретте көрсетілген заттарды жасау үшін
қолданылуының негізгі үш қасиетін атаңдар.
2. Алюминийдің басқа қасиетін зерттеңдер. Бұл қасиетінің
қолданылу аясына мысалдар келтіріңдер.
Жай зат күйіндегі алюминий бірдей атомдардан тұрады, сон-
дықтан оны химиялық элемент деп те атайды. Элементтерді хими-
ялық жолмен едәуір жай заттарға бөлу мүмкін емес. 100-ден астам
химиялық элемент бар. Элементтің ең кіші құраушы бірлігі атом бо-
лып табылады.
Ойланыңдар
Өздеріңді алюминийден жасалған ыдыс қабырғасының ішіндеміз
деп елестетіп көріңдер. Сендер не көре алар едіңдер? Қалай
ойлайсыңдар, алюминий атомдары қандай болуы мүмкін?
6

