Page 9 -
P. 9
Зерттеңдер ХИМИЯ
Күкірт және темір ұнтақтарын араластырса
не болады? Ыдысқа (келіге) күкірт пен темірдің
textbooks nis edu kz
аздаған мөлшерін салыңдар. Не байқадыңдар? Ал
енді келсап көмегімен араластырыңдар. Енді не
байқадыңдар? Күкірт пен темірдің жеке қасиеттері
сақталды ма?
Орындаңдар
1. Оттек пен сірке қышқылының физикалық қасиеттерін кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.
Зерттеу жүргізіп, қажетті ақпаратты табыңдар.
Физикалық қасиеттері Оттек Сірке қышқылы
Агрегаттық күйі
Түсі
Дәмі
Иісі
Электрөткізгіштігі
Жылуөткізгіштігі
2. Кесте мәліметтерін қолдана отырып, 100 г әртүрлі балмұздақ құрамындағы кейбір
құрамбөліктердің үлесін анықтаңдар.
А. Қалған заттардың массасын есептеңдер.
Ә. Үш түрлі балмұздақтың құрамын көрсететін диаграмма сызыңдар.
Балмұздақ атауы Нәруыздар (г) Майлар(г) Көмірсулар (г) Басқа заттар (г)
Шоколадты 3,6 15,0 20,4
пломбир
Кілегейлі 3,7 10,0 19,6
Эскимо 3,2 3,5 21,3
Күрделі тапсырма
Тарихтан бұл металды «қанатты» деп атағаны белгілі. Сендер бұл
қандай металл екенін білесіңдер ме? Көмек:
• Д.И. Менделеевке сыйланған таразының бір табағы алтыннан,
екіншісі алтын сияқты иілгіш металдан жасалған.
• Солтүстік-Шығыс Қазақстанда, Павлодар зауытында бұл металды
кеннен алады.
9

