Page 89 -
P. 89

ХИМИЯ
               Тұз  қышқылының  құрамында  бір  сутек  атомы  және  бір  хлор  атомы  бар.  Бұл
            қышқылдың шартты жазбасы – HCl.
        textbooks nis edu kz
              Есте сақтаңдар!


                 Қандай да бір атом түрінен тұрса индекс жазылмайды. Формуланы жазған кезде
              металл бейметалдың алдында жазылады. Бейметалдың атауы өзгереді, соңына
              «-ид» жалғауы жалғанады. Мысалы, оттек – оксид, хлор – хлорид болып өзгереді.


               2-тапсырма
            1.  Берілген формулалар нені білдіреді? Олардың қайсысын атай аласыңдар? Мысалы,
               H O 2 сутек және 1 оттек атомынан тұрады. Атауы – су.
                 2
               a)  MgO;  ә)  NaOH;   б)  CO ;  в)  Cl ;   г)  H SO ;   ғ)  S .
                                         2       2      2   4      8
            2.  Қосылыстардың құрамындағы әртүрлі элементтердің қатынасы әрдайым 1:1 болатын-
               дығы рас па? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.


              Орындаңдар


              Бинарлы қосылыстардың формулаларын салыстырыңдар.
              1.  Магний оксиді, мыс дихлориді мен  хром триоксидінің формулаларын жазыңдар.
              2.  Газдалған  сусын  құрамында  E338  қышқыл  реттегіші  деп  аталатын  фосфор
                 қышқылы бар.  Сутек, фосфор, оттек қатынастары 3:1:4 болса, фосфор қышқылы-
                 ның формуласы қандай болатынын жазыңдар.





            Бұл таңбалардың атауларын табу үшін периодтық кестені пайдаланыңдар.



            «Ойлан, тап!» сөзжұмбағы
            Сөзжұмбақты дұрыс шешкен кезде осы тақырып-
            тағы тірек сөзді оқуға болады.
            Көлденеңінен:
            1.  Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда минералды
                қоры кездесетін элемент.
            2.  Ауаның құрамында кездесетін ең маңызды газ.
            3.  Инертті газ.
                                                                1
            4.  Өте  жарық  жалынмен  жанатын,  құйма  кесегі
                мен  ұнтағы  Өскемен  титан-магний  комбина-
                тында өндірілетін элемент.                      2
            5.  Қоры бойынша дүниежүзінде Қазақстан үшінші

                орын алатын, атом энергетикасындағы шикізат
                ретінде пайдаланылатын радиоактивті элемент.    3
            6.  Павлодар  электролиз  зауытында  өндірілетін
                «қанатты металл».                               4
            7.  Ауаның құрамында кездесетін тіршілікті қолда-
                майтын газ.
                                                                5


                                                         6


                                                                7





                                                                                                                 89
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94