Page 86 -
P. 86
10.1. Салыстырмалы атомдық масса
Сedu kz
Қалай ойлайсыңдар, Салыстырмалы атомдық масса
бір атомның мас- Бір элементтің атомдары басқа элементтердің атомдарынан
сасын есептеуге атомдық массасымен немесе нуклондар санының әртүрлілігімен
болады ма? ерекшеленеді. Біз қандай да бір элементтің барлық атомдарының
нейтрондар саны бірдей болмайтынын білеміз. Демек, бір элемент
атомдарының массасы өзгеруі мүмкін. Сондықтан «орташа атомдық
масса» деген түсінік енгізілуі керек. Атомдық массалардың нақты
мәндерін нуклондар мен электрондардың массасы бойынша
анықтауға болады, бірақ бұл мәндер өте аз.
Элементтердің абсолютті атомдық масасы
№ Элемент Элемент таңбасы Атомдық массасы, кг
textbooks nis
1 Сутек Н 1,674 • 10 -27
2 Оттек О 2,667 • 10 -26
3 Көміртек 1,993 • 10 -26
4 Күкірт S 5,325 • 10 -26
1-кесте.
1-тапсырма
Кестеде берілген массалардың бірін дәреже мәнін пайдаланбай
–27
–26
жазуға болады ма (мысалы,10 , 10 )?
Іс жүзінде мұндай кішкентай сандармен есептеулер жүргізу қиын.
Сондықтан абсолютті массаның орнына салыстырмалы атомдық
масса пайдаланылады. Ол үшін атом массасын белгілі бір атом
массасымен салыстырамыз.
Сутектің бір ғана протоны бар. Сондықтан оның массалық саны
1-ге тең. Біз 1 массалық санды массаның 1 атомдық бірлігі немесе
м.а.б. деп атаймыз. Нейтрондардың да массасы – 1 м.а.б.
Бастапқыда салыстыру үшін сутек массасы алынған. Сондықтан
қалған барлық атомдар сутек массасымен салыстырылған. Сосын
атомдық массаны өлшеудің едәуір дәл әдістері жасалды. Қазіргі кезде
атомдық массаны сутекке қарағанда 12 есе ауыр болса да, көміртекке
қатысты анықтайды.
2-тапсырма
1. Мынадай атомдар көміртектен неше есе ауыр?
a) магний; ә) фтор; б) титан;
Сутек в) қорғасын; г) гелий.
2. Элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын табу үшін
a) бром; ә) калий; б) аргон;
периодтық кестені пайдаланыңдар:
г) алюминий.
в) хлор;
Күрделі тапсырма
Қалай ойлайсыңдар, неліктен периодтық кестеде салыстырмалы
атомдық массалар бөлшек сандар және үтірден кейін көптеген
белгілері болады?
86

