Page 87 -
P. 87
Изотоптардың арақатынастары
Бір изотоп түрінде ғана кездесетін элементтер өте аз. Әртүрлі ХИМИЯ
изотоптардың массалары да әртүрлі болады. Сондықтан біз
textbooks nis edu kz
салыстырмалы атомдық массаны есептеу кезінде изотоптардың
массасын ескеруіміз қажет. Сонымен қатар сол элемент үшін
изотоптар қатынасын да ескеру керек.
Кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, орташа салысты-
рмалы атомдық массаны есептеуге болады:
орташа салыстырмалы атомдық масса = изотоптардың орташа
массасы = (50/100 • 79) + (50/100 • 81) = 80
3-тапсырма
Хлордың орташа салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер.
Осы есепті шығару үшін математикадан меңгерген білімдеріңді қалай
пайдаландыңдар? Түсіндіріңдер.
Бром Хлор
Изотоп массасы 35 37
Изотоп массасы 79 81 Жалпы атом-
дардың
Жалпы атом- мөлшері, % 75 25
дардың мөлшері, 50 50 (шамамен)
% (шамамен)
Есте сақтаңдар!
• Элементтің салыстырмалы атомдық массасы осы элемент атомы массасы-
ның көміртек-12 изотопы атомының массасының 1/12 бөлігінен неше есе
көп екенін көрсетеді.
• Химиялық элементтердің периодтық кестесі элементтердің салыстырмалы
атомдық массаларының көзі ретінде пайдаланылады.
• Абсолютті атомдық масса салыстырмалы атомдық массаның 1 м.а.б-не
көбейтіндісіне тең.
• Периодтық кестедегі элементтің салыстырмалы атомдық массасы изотоп-
тар қатынасынан алынған орташа шамасы болып табылады.
Орындаңдар
1. Қазақстандағы кенді минералдардан алынатын берілген элементтердің: темір,
хром, мыс, қорғасын, мырыш, титан, магнийдің салыстырмалы атомдық масса-
ларының мәндерін табыңдар.
2. Элементтердің атомдық массаларын салыстырыңдар. Бірінші элементтің екін-
шісінен неше есе ауыр екенін анықтаңдар.
a) O және H; ә) Cu және S; б) Mg және C; в) Fe және O.
87

