Page 20 -
P. 20
2.2 Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу
шаралары
Жұқпалы аурулар
textbooks nis edu kz
Биолог ғалымдар археолог-
Жұқпа – бұл адам немесе жануар ағзасына ауру ту- тарға жұмыс барысында
дырушы микроағзалардың енуі мен көбеюі. Жұқпалы қолдарына қолғап киіп, аузы
мен мұрнын жауып тұратын
аурулар ауру тудырушы микроағзалардың (бактериялар,
дәке байламдарын қолда-
вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтар) адам ағза- нуға кеңес береді. Мазарлар-
сына енуі нәтижесінде пайда болады. дың қазбаларына қатысқан
Ауру тудыратын бактериялар патогенді бактериялар адамдардың қайтыс болу се-
бептерін ғылыми фактілерді
деп аталады. Патогенді бактериялар адам ағзасына еніп,
келтіре отырып, түсіндір.
көбейіп, дамыған соң ағзаны улайтын немесе белгілі бір
мүшелердің жұмысына әсер ететін улы заттарды – токсин-
дерді бөліп шығарады.
Ауру тудыратын бактериялар сүзек, тырысқақ, оба,
сіреспе, туберкулез, баспа ауруы, Сібір жарасы, бруцеллез
ауруларын тудырады.
Адамзат тарихында жұқпалы аурулардың жаппай тара-
луы – індеттер туралы көптеген деректер бар. Орта ғасыр- Тірек сөздер
ларда мұндай індеттер бүтін мемлекеттердің ел-жұртын Жұқпа, жұқпалы аурулар, па-
жойып, қалаларды ойрандап, өркениет дамуын кейінге тоген, токсин, ауру тудыратын
шегерді. бактериялар, індет, алдын алу,
иммунитет, вакцинация.
1-тапсырма Ұсынылған суретті пайдаланып, бактериялардың адам
ағзасына енуінің негізгі жолдарын көрсет.
2-тапсырма Бүгінгі күні оба, шешек немесе тырысқақ сияқты үрей
тудыратын аурулар індеті жаһандық сипат алмағанымен, әртүрлі
өңірлерде мұндай аурулар бой көрсетіп қалып жатады. Медицина
дамуының жоғары деңгейіне қарамастан, неліктен XXI ғасырда ін-
деттер әлі де орын алуда?
3-тапсырма Кестеде келтірілген ақпаратты талдап, аталған ауру-
лардың алдын алу шаралары бойынша жалпы ұсыныс жаса.
Сібір жарасы бациллалары
20

