Page 21 -
P. 21

Кейбір жұқпалы аурулардың қысқаша сипаттамасы

           Ауру атауы    Қоздырғышы             Таралу жолы                       Ауру белгілері
          Бактерия-    Шигелл           Жеке бас гигиенасы ереже-     Жалпы әлсіздік, температураның
          лық дизен-   тұқымына         лерін сақтамау. Жұқпа жұқты-  көтерілуі, іштің төменгі жағының
                  textbooks nis edu kz
          терия        жататын          рылған тағам өнімдері, су.    ауыруы, қан аралас сұйық нәжіс, құсу,
                       таяқшалы         Жұқпа жұқтырған адаммен       қан қысымның төмендеуі, ағзаның
                       бактерия         қарым-қатынас.                сусыздануы.
          Дифтерия     Лёффлер          Ауа-тамшылы  жолы  (жөтелу,  Ауыз және мұрын қуысының қабынуы.
                       бацилласы        түшкіру кезінде). Тұрмыстық қа- Температураның көтерілуі, жалпы әлсіздік,
                                        рым-қатынас (тұрмыс заттары  жұтыну кезіндегі ауырсынудың байқалуы.
                                        арқылы), жұқпа жұқтырылған  Шырышты қабық жасушаларының өлуіне
                                        азық-түліктік  тағам  өнімдері  әкеледі. Тыныс алу жолдары ісінеді және
                                        (сүт, ірімшік және т.б.) арқылы. бітеледі.
          Сібір        Бацилла          Ауру жануарлардан жұқтыру     Алдымен теріде кішігірім дақтар пайда бо-
          жарасы       тұқымына         (тері қабаттары, асқорыту     лады да, кейін олар жараға айналады. Тері
                       жататын          жүйелері немесе тыныс         жамылғысының, тыныс жолдарының және
                       бактерия         жолдары арқылы). Адамнан      асқазанның зақымдануы. Жылдам даму мен
                                        адамға жұқпайды.              жоғары өлім деңгейі.
          Ботулизм     Клостридий       Анаэробты жағдайларда         Орталық және вегетативті жүйке
                       тұқымына         қоздырғышы көбейіп,           жүйесінің зақымдануы, бұлшық ет
                       жататын та-      токсиндер жиналып қалған      жараларының (бұлшық ет күшінің
                       яқша тәрізді     тағам өнімдерін пайдалану.    төмендеуі) және салдың пайда болуы.
                       бактерия
          Жұқпалы аурулардың алдын алу

             Алдын алу шаралары – аурулардың пайда болуына жол бермеуге және олардың өр-
          буіне ықпал ететін факторларды жоюға бағытталған шаралар.

             Алдын алу шаралары мынадай бағыттарға бөлінеді:
             – ауруды ерте диагностикалау, науқасты ауруханаға жатқызу (госпиталдау);
             – жұқпаның таралу жолдарына әсер ету (дезинфекция, дезинсекция);
             – иммунитетті көтеруге арналған шаралар кешені (ағзаның табиғи қарсыласуы);
             – сырқаттанудың індеттік шегінен асып кетуі жағдайында қалада, ауданда т.б. карантин
          жариялау;
             – аурудың алдын алатын вакцинация (профилактикалық екпелер).


           Өзіңді тексер
           1.  Ауру тудырушы бактериялардың қандай ерекшеліктері індеттің пайда болуына ықпал етеді?
           2.  Ауру тудырушы бактериялардың таралуына қандай жағдайлар әсер етеді және қандай алдын алу
               шаралары бар?
           3.  Мектептерде қандай жағдайларда карантин енгізіледі? Бұл іс-шараның мақсаты қандай?



          Күрделілігі жоғары тапсырма       Жаз мезгілінде бактериялы дизентерия ауруының артуы байқалады. Осы
          жұқпаның таралуын шектейтін індеттің алдын алу шараларын ұсын.








                                                                                                         21
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26