Page 23 -
P. 23
Лактоза және лактаза: терминдерді ажыратамыз
Сүт пен сүтқышқылды өнімдердің құнды қасиеттері жал-
пыға белгілі. Бірақ оларды емдік мақсатта қолдану идеясын
алғаш рет орыс ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты Илья
ферментёр қолданылады. Оның жұмыс қағидасын зертте.nis edu kz
Ильич Мечников негіздеді.
Алайда, қаймағы алынбаған сүт барлық адамдарға жаға
бермейді. Өйткені сүт өнімдерінде көп мөлшерде лактоза
көмірсуы бар. Оның адам ағзасында сіңірілуіне аш ішек қа-
бырғаларымен бөлінетін фермент – лактаза жауап береді.
Бұл ферменттің ең жоғары белсенділігі балалық шаққа сай
келеді. Есейе келе лактазаның түзілуі төмендейді.
Аталған ферменттің адам ағзасында түзілу белсенділі- И.И. Мечников (1845-1916 жж.)
гі төмен немесе мүлде түзілмейтін жағдайын лактазалы
жетіспеушілік деп түсінеміз. Ондай жағдайда ағза сүтті және сүт өнімдерін қабылдамай-
ды. Сондықтан, лактозаны қорыта алмайтын адамдар құрамында бұл көмірсу болмайтын
сүтқышқылды өнімдерді ғана (айран, йогурт, сүзбе және ірімшік) тұтына алады.
3-тапсырма Дүкендерден лактозасы жоқ сүт өнімдерін кездестіруге болады. Бұл қандай технология арқылы
мүмкін болды деп ойлайсың?
textbooks
Зерттеу Өнеркәсіптік және зертханалық көлемде сүтқышқылды бактериялардың себінділерін өндіруде
Өзіңді тексер
1. Биотехнология нысандарын атап шық. Негізгі бағыттарының сызбасын жаса және олардың қолданылу
саласын көрсет.
2. Неліктен дәрігерлер антибиотиктер қабылдағаннан кейін сүтқышқылды өнімдерді қолдануға кеңес
береді?
3. Кейбір адамдар, тіпті кейде тұтас халықтар сүтті пайда- y
лана алмайды, тек сүтқышқылды өнімдерді ғана қол- 120
данады. Неліктен? 100
4. Адам ағзасында лактаза ферментінің түзілуі оның жа- Ағзалардың фермент 80
сына тәуелді болатынын сипаттайтын графикті зертте. 60
40
Қай жас кезеңінде фермент саны: бөлуі % 20
– алдымен өзгермейді, кейін күрт төмендейді; 0
– бірте-бірте төмендейді; 0 5 9 13 17 21 25 29 33 37 41 45 49 53 57 61 x
Адамның жасы, жылдар
– 50%-ға қысқарады;
– мектеп жасына дейінгі балалардан тоғыз есе аз.
Күрделілігі жоғары тапсырма Сүтті ұйытуда және йогурт дайындауда Болгар таяқшалары (Lactobacterium
bulgaricum) пайдаланылады. Неліктен бұл таяқшаларды адам ішегіндегі «жаман» бактериялардың жауы және
«жақсыларының» досы деп атайды?
23

